2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Саясат

Зеленский: Трамп Украинаға Patriot зымырандарын өндіруге лицензия беруге келісті

Украина АҚШ-тан Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымыран-тосқауылдағыштарды өз аумағында өндіруге лицензия алуға уағдаласты. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Фото: Dominika Zarzycka / NurPhoto via Reuters

Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдаған. Бұған дейін, 22 қыркүйекте Нью-Йорктегі кездесуден кейін Зеленский лицензия туралы нақты жауап алмағанын, алайда Трамптан «жоқ» деген сөз де естімегенін айтқан еді. 

Украина президентінің ресми сайты АҚШ пен Украина командалары Patriot зымыран-тосқауылдағыштарын Украинада өндіруді іске қосу бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған. 

Айта кетейік, Трамп шілде айында да Вашингтон Киевке Patriot зымырандарын өндіруге лицензия беруге дайын екенін жариялаған болатын. Алайда сол кезде жүйені өндіруші америкалық компаниялармен техникалық және құқықтық рәсімдер әлі аяқталмаған еді. BS News

Әзірге АҚШ билігі лицензияның ресми түрде рәсімделгені жөнінде жеке құжат немесе мәлімдеме жариялаған жоқ.

Т. РАУШАНҰЛЫ