Зеленский: Украина әскері Самара облысындағы мұнай нысанына соққы жасады
Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Украина Қарулы күштері Ресейдің Самара облысындағы мұнай нысанына соққы жасаған.
Сонымен қатар Қара теңіздегі нысан, Орел облысындағы соққы жасаушы дрондарды ұшыру және сақтау орны, Брянск облысындағы жабдықтау қоймалары зақымданған.
Бұл туралы Зеленский бейсенбі, 1 қазанда Telegram-арнасында хабарлады.
"Мұнай нысанына қарсы санкциялар қолданылды", – деп жазды ол.
Зеленскийдің айтуынша, Қара теңіздегі нысанаға да соққы жасалған. Сондай-ақ Орел облысындағы соққы жасаушы дрондарды ұшыру және сақтау орны мен Брянск облысындағы жабдықтау қоймалары нысанаға алынған.
Куйбышев мұнай өңдеу зауыты бұған дейін де шабуылға ұшыраған
Самарадағы Куйбышев мұнай өңдеу зауытына қыркүйекте бірнеше рет шабуыл жасалған. Exilenova+ және Supernova арналарының мәліметінше, шабуылдардың бірінен кейін зауыттағы резервуарлардың бірі өртенген.
Куйбышев мұнай өңдеу зауыты "Роснефть" компаниясына тиесілі және өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Оның жобалық қуаты – жылына 7 млн тонна мұнай.
2024 жылы кәсіпорын 4,7 млн тонна мұнай шикізатын өңдеген. Оның ішінде 0,8 млн тонна бензин, 1,4 млн тонна дизель отыны және 1,3 млн тонна мазут өндірілген.
Зауыт маусым айында да дрон шабуылына ұшыраған. Reuters агенттігінің мұнай саласындағы дереккөздерінің мәліметінше, сол шабуылдан кейін кәсіпорын мұнай өңдеуді уақытша тоқтатқан.