Саясат

Зеленский Украинаға келген F-16 жойғыш ұшақтарын көрсетті

Владимир Зеленский Украинаға келген F-16 жойғыш ұшақтарын көрсетті, деп хабарлайды Meduza агенттігі.

Фото: Украина президентінің телеграм каналынан

Жексенбі, 4 тамызда Владимир Зеленский мен украиналық БАҚ америкалық ұшақтарды пайдалануға қабылдау рәсімінен түсірілген кадрларды таратты.

«Біз өз амбициямызды, қорғаныс қажеттілігімізді мүмкін еттік, енді шын мәнінде бізде, біздің аспанымызда, Украинада - F-16 ұшақтары. Біз мұны қамтамасыз еттік», - деді ол.

Салтанатты шара Киев облысындағы Васильков аэродромында түсірілген. Бірақ F-16 ұшақтарының қай жерде орналасатыны белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Нидерланды Украина қарулы күштеріне алты F-16 жойғыш ұшақтарын берген болатын.

Nurbike Beksultan