Баған

Жағдайым нашар деген мұғалім көргем жоқ

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова вице-премьерГүлшара Әбдіхалықова бастаған Үкімет делегациясымен Семейге келгенде «жағдайымнашар» деп шағымданған мұғалім көрмегенін айтты.

Jasalash.kz

Бұл туралы Zhasalash.kz-тіңөңірдегі тілшісі хабарлайды.

Өңірлердегі білім ошақтарының проблемасын шешудің жайықарастырылып жатқанын айтқан министр қазір әсіресе, бала санының көптігінен үшауысымда білім беретін мектептердің мәселесін шешу жайын, ағылшын тілінкезең-кезеңімен оқытуға басымдық берілетінін айтып өтті.

Министрдің сөзіне сүйенсек, алдымен қазақ тілініңоқытылуын қадағалау қажет. Ал ағылшын тілін жоғары сыныптардан бастап қанаоқытқан дұрыс. «Ол үшін алдыменмұғалімдердің өзінің ағылышын тілін толықтай меңгергендігі назарда болуы керек»дейді министр.

Шәмшидинова жалпы Семей мектептерін аралау барысында текбілім беру саласына қатысты ғана әңгімелер өрбігеніне риза болғанын тілге тиекетті.

Мұғалімдерменәңгімелестім. Бәрі де білім саласындағы өзгерістерге, педагогикалық мамандықтарынасай туындайтын сұрақтар төңірегінде білгісі келгендерін сұрады. Ең қуантарлығы«жағдайым нашар» деген мұғалім көргем жоқ» деді министр қуанышын жасыра алмай.

Министр осылай қуанып жүруінің бір себебі – Семейгеқарасты ауылдардағы бала саны азайып кеткен мектептердің ары қарайғы тағдыры,Бесқарағай ауданының жерінде отырған, әкімшілік бағынысы Семейге қарайтын Шағанкентінің не спорт залы, не асханасы жоқ мектебі сияқты білім ошақтарын облыстықжәне қалалық білім бөлімі министрден бүгіп қалған сияқты.

Айта кету керек, делегация құрамында Күләш Шәмшидиноваданбөлек Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов болды. Олар Семейдің бірқатар нысандарындаболып, қаланың жалпы жағдайымен танысып, Өскеменге аттанып кетті.

Фото: martebe.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега