Әлеумет

Жәйремдегі жағдайға жұмыссыздық себеп

12 тамыздаҚарағанды облысындағы Жәйрем кен байыту комбинатында жұмысшылар шиеленісі бұрқ ете қалған.

Jasalash.kz

«Жәйремдегіөндіріс орнында тура Теңіздегідей жағдай қайталанды.Мәселенің басы түрікжігітімен қазақ қызының қатынасынан шыққан. Дегенмен, ұшқынның отқа айналуына бастысебеп әрі де жатыр. Жәйремде полиметаллдық зауыт салынып жатыр. Екі жарым мыңадам жұмыс жасап жатыр деген ақпарат бар. Соған жергілікті жігіттерді жұмысқаалмайды екен. Жергілікті тұрғындар жан жақта вахталық жұмыстарда жүр, әріауылдарда жұмыс іздеп жүреді», — деп жазады қарағандылық журналист Айсұлтан Жақыпов facebook.com парақшасына.

Жәйремдік елу шақты жігіт зауыттың бақылау өткізу нысанын бұзып басып кірген. Куәгерлердің айтуынша, наразылыққа барған жігіттер түріктерді соққыға жыққан. Наразылық шарасына жалпысаны жүзден астам Жәйрем тұрғындары мен кенбайыту комбинатының жұмысшылары жиналған. Ушыққан жағдайды басуға Жәйремге прокуратура өкілдерімен бірге Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ-та барған. Аймақ басшысы ашуға  жол берген Жәйрем тұрғындарымен кездесіп, оларды сабырға шақырған. Жәйремдіктер жұмысқа алу талаптарының орындалуынсұраған. 

Бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі Жәйремдегі жағдайдыңреттелгенін әрі мұндағы жайтты аймақ басшысы тікелей бақылауына алғанынмәлімдеді.

Жәйрем кен байыту комбинаты қазіргіуақытта «Жәйрем Полиметаллы» инвестициялық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаның құны100 млрд теңге. 

Фотоны авторұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега