Сараптама

Жаланың жазасы 18 жыл

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың назарына Марат Әжімолдаев «Сервис ГазТеплоКотломонтаж» мекемесінде жұмыс істеп жүріп, жаламен 18 жылға сотталамын деп өмірі ойламапты.

Jasalash.kz

Өзегін жарып шыққан ұлының  өзгенің  ала жібін аттамайтын адалдығына сенгендіктен шығар, арадан бес жыл өтсе де,  әлі күнге әділдік іздеумен  келеді. 

 Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандықішкі істер басқармасының жедел уәкілдері мен тергеушілерінің баласына жасағанқиянатын  жасырып-жабу мақсатында  қолдан  қасақана   ұйымдастырып, таққан айыптарының  мынандай  жарымжан  қалпында прокуратура табалдырығынан кедергісіз аттап,  соңғы нүктеніқоятын соттан қамшы салдырмай өте шыққанына әлі күнге  қайран қалады. Әңгіме түсінікті болу үшін  рет-ретімен баяндайық.  

 Мараттың әкесі Сайлау Әжімолдаевтыңайтуынша,  басында «қоғамдық орындатемекі шеккені үшін» деген  желеуменәкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылған баласы ішкі істер басқармасына жеткізілгеннен кейін полицияқызметкерлерінің соққысына жығылған.  Расында да, іске Марат Әжімолдаевқа қатыстықызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, күш қолданған   полицияқызметкерлерінің  үстінен  қылмыстық істің  қозғалғаны туралы  облыстық прокуратураның  ескертпесі де қоса тігілген. Алайда    полиция шенділері   күніертең  осы  заңсыз әрекеттері әшкере болып,   үстерінен іс қозғалып, жауапқа тартылып жатса, абыройдан айырылатынын алдын ала  сезіп, жәбірленушіге қарсы  амалдар ұйымдастыра бастаған.  Қан дағы жұққан  киімдері мен денесіне түскен  жарақаттарына дер кезінде сараптама жүргізілмегендіктен,  қозғалған  іс   дәлелдің  аздығына байланысты  өндірістен  қысқартылғаннан кейін тәртіп сақшылары  көптен ашылмай тұрған   бірнеше қылмыстыМарат Әжімолдаевтың мойнына  іліп жіберіп,әп-сәтте оны  айыпкер етіп шығара салған.

Марат Әжімолдаевқа ең алдымен  «Қырбалтабайауылының тұрғыны Тынымхан Есіркенованың үйіне   кәмелеттік жасқа толмағанМаксим Портнягинмен  және «Дики» дегенлақап аты бар жігітпен  ұрлыққа түсіп,жәбірленушінің   алтын, күміс бұйымдарымен ақшасын үптеп кеткен» деген айып тағылады. Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істербасқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Л.Боровлевтің  қолымен толтырылғанқаулыдағы мән-жайларға сенсек,   2015жылдың  20 тамызы күні  жасалынған бұл қылмысқа басқа емес,  кәмелеттік жасқа толмаған Максим Портнягин күдіктідеп танылып,  ол жауап алу барысында    ұрлықты жалғыз өзі  жасағанын мойындаған.  Құжатта  Марат Әжімолдаев туралы бір ауыз сөз жоқ. Басында «ТынымханЕсіркенованың үйіне  ұрлыққа  жалғыз өзім түстім» деген  Максим Портнягин  енді Марат Әжімолдаев пен лақап аты «Дики»дегенді  де өзіне  серіктес ретінде қосып, бұдан кейінгіқылмыстарға  да  «Мараттан  қорыққанымнан амалсыз  бардым»деген жаттанды жауап тауып алады. Максим Портнягиннің  бұл сөздері  қаншалықты  қисынды?  Оның мінез-құлқына баға берген орта мектептіңпсихологы Б.Қыстаубаева  сотта бергенжауабында «М.Портнягиннің  сабақтан жиіқалатынын, мектепте оқығысы келмейтінін, туған анасының  сөзін тыңдамайтынын, қаңғыбастыққа  үйір, өтірік айтуға бейім, тезашуланатындығын, сол себептен де кәмелетке толмағандардың арнайы есебіне  алынғанын» айтқан.  Куәгер Б.Абраманова:  «Ол шешесін анам деп санамайтын, тыңдамайтын,кезбелікке салынып, өтірік айтатын, ұрлық жасаса да, мойындамайтын жасөспірім»,–  дейді. Ал анасы И.Портнягина:  «Балам Максим Александрович 3-сыныпта оқыды,жүйкесінің кінәратына байланысты жергілікті психиатрдың есебіне қойылып, емдеуден өтті», – деп, ұлыныңмінез-құлқындағы  аурудың ақауын  жасырмай айтқан.  Баланың ақыл-есінің бүтіндігін тексеру үшін тағайындалған  әділет министрлігіне қарасты   сот сараптамасы орталығы №6938қорытындысындағы  ескертпеде «институтта  кәмелеттік жасқа толмағандардың  өзіне тән ерекшелігін білетін маманныңжоқтығына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасының қызметітуралы» заңының 79-бабының талаптарына сәйкес, сарапшы тарапынан жүргізілетін зерттеу барысында   оның жағдайымен сөзіне қатысты мәселе емес,  текпсихологиялық тұрғыдан қысым жасалғанына ғана баға беріледі»   деп жауап қайтарылған. Оны сотқа маман ретінде шақырылған Алматы облысының  психикалық денсаулық орталығының  бөліммеңгерушісі Ғазиза Ешмұратова да құптаған.  Дұрысы осы болса керекеді. Алайда   сарапшы ҒазизаЕшмұратова  іле-шала бастапқы жауабынанайнып,  жетекші сарапшы  ретінде А.Анетов және Г.Айбасовамен бірігіп қол қойған   №276 амбулаторлық-психиатриялықсараптамасында   Максим Портнягиннің  жүйке ауруымен сырқаттанбағандығын, жағдайдыдұрыс қабылдайтын қабілеті болғанын бекітеді. Сонда Ғазиза Ешмұратованың қайжауабы дұрыс?  Жалған жауап бергені үшін  жауапқа тартылатынын  Ғ.Ешмұратованың білмегені ме? Сарапшының   бір мәселе жөнінде  екі түрлі пікір  білдіруі  қалай?  Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралықсотының судьясы  Айгүл Қасенованың МаратӘжімолдаевты 18 жылға бас бостандығынан айыруына  бірден-бір негіз ретінде алынған  осы сотсараптамасы  қаншалықты заңды? 

Былайша айтқанда,  өмірбаяны «таза»емес, жаратылысынан өтірік айтуға бейім М.Портнягиннің тергеу амалдары мен сототырыстарында берген жауаптарының  ақиқатнемесе жалған   екеніне  көз жеткізу үшін заң талабына сәйкес  кешенді сот сараптамасы  тағайындалып,   нақты баға берілмеген. Жіберілген  кемшілікті түзетіп, ақиқатқа көз жеткізу үшін кешенді сараптама тағайындау   облыстық прокуратура мен  осы істі қараған  Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айгүл Қасенованың тікелей міндетіемес пе еді? Максим Портнягиннің   жеке мінез-құлқына психологиялық тұрғыдан бағаберілмегендіктен, ол  сот үкімі шыққанғадейінгі жауаптарында  бір-бірінеқабыспайтын, қарама-қайшылығы  көп  өтіріктерін жалғастыра берген. Мәселен, Максим Портнягин жәбірленуші ТынымханЕсіркенованың үйіне Марат Әжімолдаевпен және лақап аты «Дики»-мен бірге ұрлыққатүскенін баяндап, олардың асүйдің терезесіндегі бұранданы аша алмағаннан соң,   әйнектерін сындырып, қолдарын жарақаттапалғанын  айтады. Оқиға орнына зерттеужүргізген ішкі істер басқармасының аға криминалисі Ж.Көбегенова  өз анықтамасында үй ішінен табылған саусақтаңбаларының Максим Портнягинге де, Марат Әжімолдаевқа да, тіпті үй иесіТынымхан Есіркеноваға да  қатысыжоқ,  мүлде басқа адамдарға тиесілі екенін  көрсеткен. Сонда олар кімдер?  

Бір таңданарлығы,  криминалист маманЖ.Көбегенова үй ішінен күдіктілердің ізінің табылмағанын жазып көрсетсе, істіқараған судья Айгүл Қасенова «Қырбалтабай ауылы Заречная көшесі №11 үй мекенжайындағыүйдің шағылған терезесінен алынған шайындыда адам қанының іздері анықталды,оның   Марат Әжімолдаевқа тиесілі болумүмкіндігі жоққа шығарылмайды» деп,  дәйексіз тұжырым жасайды.

  Сот сараптамасының  Марат Әжімолдаевтың саусағының кесілген жерінанықтамай тұрып, арадан біраз уақыт өткеннен кейін тамырынан алған қанға қараптұжырым жасауы  да  түсініксіз. Тергеу органы М.Портнягиннің  жалаң жауабына сүйеніп, ұрлық шамамен кешкісағат 10 шамасында болды деп шамалайды. Ал куә ретінде сұралған   ДулатАтбағаров  сол күні сағат тоғыз жарымдаМ.Әжімолдаевтың  көлігімен   туысқандарын Өрнек ауылына 1000 теңгегежеткізіп тастағанын айтады. Дулат Атбағаровтың мына сөзі рас болса,  МаратӘжімолдаевтың  қылмысқа қатыстылығы  күмән тудырады.  Өйткені ол Өрнек ауылына қарай сағат 10-да шығып, екі аралыққа 45 минут    жүрген.Енді оған қайтар жолдағы  сондай уақыттықоссаңыз, ол Қырбалтабайға түнгі сағат он бір жарымдарда жетер еді. МаратӘжімолдаевтың өздерін Өрнек ауылына апарып тастағанын Дулат Атбағаровтыңтуысқаны М.Күшбасов та растайды.   Тергеу органының осы   мәліметтеріне сүйенсек,  бұл мезгілде жолда жүрген  Марат Әжімолдаевтың  сағат кешкі 10 мен 11 аралығында ұрлыққа  қатысуы мүмкін емес.  Жәбірленуші ТынымханЕсіркенованың  үйінен ұрланған заттардыңтаптырмай кетуі де  жедел іздестірушараларының   атүсті жүргізілгенінкөрсетеді.   

 Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істербасқармасының басшылары мен қызметкерлері Т.Есіркенованың үйіне жасалған ұрлыққа  Марат Әжімолдаевтың  қатыстылығынреттеп  алғаннан кейін  енді оның мойнына арыз-шағымы тіркелгенімен, ашылмайтұрған  М.Хамиттың   дәнекерлеу құралын ұрлап алды деген қылмысты тағы да іліп жібереді.   Шын мәнінде  жәбірленуші  өз шағымында дәнекерлеу құралын  Марат Әжімолдаевтың нақты ұрлағанынкөрсетпеген. Сол себептен де ол тергеушінің   «сіз аппараттыұрлаған күдікті Марат Әжімолдаев деп санайсыз ба» деген сауалына  «мен аппараттың ұрланғаны жөнінде ғана шағымжаздым, алайда дәл мынау алды деп нақты көрсеткен емеспін» дейді. Дәл осы жердеМарат Әжімолдаевтың  қандай жазығы бар?

  Ауыл молдасы Әкімхан Бердібектіңүйіне жасалған кезекті  ұрлықоқиғасында  да  Марат Әжімолдаевтың кінәлі екенін дәлелдейтінбірде-бір дерек  тіркелмеген.    

 Әжімолдаевтар әулеті   балаларын  жабылған жаладан арашалаймыз деп алашапқындатып жүргенінде   жеделуәкілдер  кімнің қолынан  қаза тапқаны  белгісіз, 80-нен асқан Варвара Попованың өліміне   тағы да  Марат Әжімолдаевты  кінәлі етіп шығарады.  Іс материалдарын зерделеп қарасаң, бұл оқиғадада  қиюы қашып тұрған жұмбақ  аз емес. Мұнда да Марат Әжімолдаевтың  марқұмВарвара Попованың  өліміне тікелей  қатысы бар екенін  көрсететін бірде-бір дәлел жоқ.  Зерттеужүргізген мамандар  оқиға орнынан  М.Әжімолдаевқа тиесілі   саусақ не табан іздерін таппаған.

Варвара Попованың мәйітіне зерттеу жүргізген  әділет министрлігінің сот-дәрігерліксараптамасы  орталығы Алматы филиалыныңсарапшысы Олег Кимнің  №10-06-249қорытындысында  марқұмның басына түскенжарақаттардан  қорғасын қалдығытабылмағандығы  көрсетілген.  М.Портнягиннің айтқаны рас болса, бастағыжарақаттың ізінен    қорғасынның   дағы кездеспеуі   мүмкін емес ғой.Сондай кезде  шын мәнінде  кастеттің  қылмысқа құрал ретінде пайдаланылғаны  рас па  деп күдіктенесің.  

Сот судьясы Айгүл Қасенова сот-биологиялық сараптамасының қорытындысыМ.Әжімолдаевтың шұлығы мен футболкасынан  табылған  қан ізінің  оған тиесілі болу мүмкіндігін теріскешығармайды десе,   денсаулық сақтауминистрлігі сот сараптамасы орталығы Алматы филиалының  сот-биологиялық сараптамасының сарапшысы 18жылдық өтілі бар Ирина Спивакованың    қорытындысында  оқиға орнынан табылған қан дақтарының текВ.Поповаға тиесілі екендігі, тексеруге ұсынылған М.Портнягиннің қысқа шалбарымен сүйретпесінен және Марат Әжімолдаевтың шалбары мен спорттық аяқкиіміненондай белгілердің кездеспегені  көрсетілген.   

Сонда бұл қылмыстық оқиға қалай бұрмаланған? Сотқа деген сенімсіздікосындайдан туындайды.

 Елеусіз МҰРАТ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега