Жалғыз басты аналар да талаптарын қоя бастады
Ақтөбедекөпбалалы аналардың шуынан кейін енді жалғыз басты аналар бас көтеріп жатыр.
Талаптары көпбалалы аналарға назар аударған үкіметәкенің қарауынсыз қалған балаларға да арнайы бағдарлама ойлап тапсын деп отыр.Сөздерінше толық емес отбасыға мемлекеттен қарастырылған еш жәрдем жоқ.
Ақтөбеніңшенеуніктері көпбалалы аналармен кездеседі дегенді естіген жалғызбасты аналар жиын өтетін жерге келген. Наразы топ үкіметтегілер атаулы әлеуметтіккөмекті асыраушысы жоқ әйелдерге бөлек қарасын деп отыр.
«Менің талабым, көпбалалыаналар өз талаптарын қойып 42 500 теңгені алды. Енді біздер жалғыз бастыаналар, аз қамтылған аналарды үкімет ұмытып кеткен. Асыраушылары жоқ.Талабымыз жеті жасқа дейін АСП мен бала бақшаның жеңілдіктерін қалдырсын», -дейді жалғызбасты ана Салтанат.
Жиналғандартүрлі субсидия ойлап шығаратын биліктегілер сол ақшаны біздің балаларымызғажәрдемақы етіп бөліп берсін дейді.
«Бізге беретін 62 000 мыға қанағат тұтар едік егер еттің бағасы 600 теңге болса,сүттің бағасы 150 теңге болса ештеңе айтпас едік. Біздің мақсатымыз мал басынаберетін субсидияны тоқтатып, соны мына кішкентай періштелерге бергенін қалаймыз», -дейді Гұлшат САРМАНОВА.
Алайдаелімізде жалғыз басты аналарға немесе толық емес отбасыларға арналған арнайыбағдарлама жоқ дейді әкімдіктегілер. Сөздерінше бұл отбасылар егер табыс көзімөлшерден аспаса көпбалалы аналар секілді атаулы әлеуметтік көмек ала алады.
«Толық емес отбасығаарнайы ешнәрсе жоқ. Тек «бақытты отбасыға» қатыса алады және табыс көзі асыпкетпесе атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алады. Тағы бір мәселе егер отбасындақиындық жағдай тап болса, сол кезде жылына бір рет әлеуметтік көмекке жүгінеалады. Онда да белгіленген мөлшерден асып кетпеуі керек», -деді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал ТҰРМАҒАНБЕТОВА.
Тапқантабысымыз отбасымызды асырауға жетпейді деген жалғыз басты аналар дәл осы талаптарын енді Нұр-Сұлтанға хат қылып жолдамақшы.
Фото автордікі.