Сараптама

Жалтақтық жарға жығады

ЕліміздеМасаншыдағы секілді өзге ұлттар көптеп шоғырланған елді мекен– анклавтар баршылық.

Jasalash.kz

     Қайтпек керек? Демек,мұндай анклавтарды  бөлшектеп,  ондағы  тұрғындарды – диаспораларды қазақы ауылдарға   аз-аздан  орналастыру үлкен мәселе. Бір сөзбен айтқанда, қазақы  ортаға  сіңіру керек. Осылай ғана ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға  болады.  Бұл  мәселе  жөнінде билік  жақсылап  ойлануы  тиіс.  Бұған  дейін  қазақпенжағаласып  қалған күрдтің  де,  ұйғырдың да, дүнгенніңде   артында  тіреп  тұрған  мемлекеті жоқ. Әгәрәки Түркістан  облысында  қазақ пен өзбек Масаншыдағы талай адамның өліміне алып келген жағдайды  бастан  өткеретін  болса не  болмақ?  Ол  жерде тұрып  жатқан  өзбектіңартында  Өзбекстан  тұр. Демек, Қазақстан мен  Өзбекстанарасына  сына  қағылады. Араздасады,  жауласады. Бұл керек пе?  Жоқ.  Демек, ресми Нұр-Сұлтан  еліміздегі   ұлтаралық саясатты қайта екшеп,  безбенге салып, өзгерістер жасауға  тиіс. ӨйткеніМасаншыда  болған соңғы  оқиға соны  қажет етеді. 

     Тағы  бірескеретін  мәселе – Қазақстан  халқы  ассамблеясы еліміздегі ұлтпен  ұлт арасындағы  достықты,  ынтымақты, бірлікті қамтамасызетуге  қауқарсыз. Сонда  бұл ассамблеяның  миссиясы  не? Әр ұлтқа ән айтқызып,  би билетіп, дастархан жайдыртып, байқау ұйымдастырғаннан басқа  шаруасы  жоқ  па? Ұлтаралық  дүмпулердіреттеуге  құлықсыз  болса,  онда қажеті  қанша? Не  үшін ұстап отырмыз?  Бұл да  ойланатын  мәселе. Дегенмен еліміздегі осындай ара-тұра  болып  тұратын ұлтаралық  қақтығыстардың  негізгі өзегі  қайда  жатыр?  Меніңше,  мынада: қазақты биліктің  өзі  мойындамайды, менсінбейді, теперіш  көрсетеді.Билік  өз   ана  тілінде  сөйлемейді. Қазақ  тілі– олар үшін  екінші  сорттағы  тіл. Ал  мұны  көргенөзге  ұлт  не  істемейді?! «Балақтағы  бит өрлеп  басқа шығадының»  керін  істейді. Қазақты көкірегінен  итереді.  Өктемдік жасайды.   Олардың  ойында «Бізге  не істейсіңдер, қолдарыңнан не келеді?  Биліктің  өзі  сендерді адам  құрлы  көрмей тұрғанда»  деген астамшылдық  пиғыл  тұрады. Шын мәнінде солай  болып  та  жатыр. Мұндайда  атам  қазақ «Жаман  үйді  қонағы  билейді»  дейді. Ал  қазақты мұндай  мүсәпір  күйінен арылту  үшін  билік  не істеуі керек? Бірінші,  «біз  көп ұлтты  мемлекетпіз» деген әңгімені  тоқтату.  «Қазақстанда  бір  ғана  ұлт бар:  ол –  қазақ»  дегенге  басымдық  беру.  Кемсітуге жол  бермеу.  Қазақ  тілінің мәртебесін көтеру. Оны білу  үшін  қажет  болса, тізеге  сала  отырып міндеттеу.

      Екінші, әр ұлтқа  жеке-жеке  мектеп,  театр ашып  беріп, «тіліңді, дініңді,  мәдениетіңді ұмытпа,  өркендет»  деп, оларды көкіректен итеріп,  қазақтан алыстату  саясатын   доғару  қажет. Өйткені өз тілінде  мектебі,  театры, мәдени  ошақтары  бар  ұлт қазақтың  қолтығына кіріп,  тонның ішкі  бауындай  араласыпкетпейді. Ортада  біртосқауыл тұрады.

     Үшінші, бір  мектеп (қазақ мектебі), бір  тіл  (қазақ  тілі)   және «Бір  ғанақазақ»  бағдарламасын  мемлекеттік  деңгейде  жүзеге асыру. Бұл  дегеніміз – өзге тілдегі мектептерді  қысқарта отырып,  түптің  түбінде елімізде  тұратын барлық  ұлттың баласын бір мектепте, яғни  қазақ  мектебінде оқыту. Қазақ  мектебінде  оқыған  бала  біртілді,яғни  қазақтілді  болып  шығады. Ал  қазақ мектебінде  оқып, қазақ тілінде  сөйлеп,  мәдениетін,тарихын,  салт-дәстүрін  біліп   өскен өзге  ұлттыңбаласы ешбір  мәжбүрлеусіз қазақы  ортаға  сіңіп, жұтылыпкетпек. Осылайша біз  өзге  ұлттарды сіңіріп,  жұтып, «бір  қазақ» ұлтын  жасай алмақпыз. Егер де  осыған  қолжеткізсек, ел ішінде ешқандай  ұлтаралық  қақтығысқа жолбермейтініміз  белгілі.

    Алайда тәуелсіздікалғаннан бүгінге дейін жүргізіп келген,   жалған«интернационалистік», «толеранттық», өзге  ұлттарды «әлпештеп», өз  ұлтымызды төмендетіп келген  жалтақ саясатты  жүргізе  беретін  болсақ,түбі  оңбаймыз. Демек, бүгінгі  билік  қан  төгілетін қақтығыстардың  алдын аламыз  десе, ішкі  ұлтаралық саясатты  қайта  қарап, түбегейлі  өзгеріс жасауы  керек.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

«Байтақ-Болашақ»  экологиялық альянсының  төрағасы, 

Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесінің мүшесі

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега