Қоғам

Жамбыл облысында ауыр жүк көлігінің жүргізушілерін бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша талап етті деген күдікпен қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Операцияны Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті және прокуратурамен бірлесіп жүргізген.

Фото: полиция

Polisia.kz мәліметінше, күдіктілер ауыр жүк көлігі, жолаушылар автобусы, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен ақша бопсалаған болуы мүмкін.

23 қыркүйекте күдіктілерге қатысты 27 тінту жүргізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі ақша және бірнеше автокөлік тәркіленген.

Қазір бір топ адамның бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер күдіктілердің әрқайсысының рөлін, оқиғаның барлық мән-жайын және осы іске қатысты болуы мүмкін өзге де қылмыс эпизодтарын анықтап жатыр.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа, азаматтар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін криминалдық қысымға қарсы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді. 

Сайт Әкімшілігі