Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасы анықталды
Жамбыл облысында Гвардейск гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерінен табылған жаңа туған қыздың анасы анықталды.
Полицияның мәліметінше, нәрестені тастап кеткен әйел 1989 жылы туған жергілікті тұрғын болып шыққан. Ол елді мекендегі мектептердің бірінде тазалықшы болып жұмыс істеген.
Әйелдің бұған дейін төрт баласы бар екені анықталды. Балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған.
Отбасының таныстарының айтуынша, әйелдің балалары бұған дейін үнемі күтімде болып, жағдайы жақсы болған. Сондықтан болған оқиға олар үшін күтпеген жағдай болған.