Жамбыл облысында көшеде шу шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында автокөліктер кортежі анықталды.
Онда көліктердің бірінің жолаушысы люктен шығып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, отшашу атқан. Құқық бұзған 18 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Ол елдімекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ жол ережесін бұзуға жол берген автокөлік жүргізушілері де жазаланды.