Қоғам

Жамбыл облысында бірнеше рет жазаға тартылған TikTok стример психикалық орталыққа жатқызылды

Жамбыл облысында TikTok-та «Алтын қыз» лақап атымен танылған 41 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығына жатқызылды.

pixabay.com

Полиция мәліметінше, Байзақ ауданының тұрғыны әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде бірнеше рет бейәдеп сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Онымен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, ескерту жасалғанымен, ол заң талаптарын бұзуды жалғастырған. Полиция әйелдің кәмелетке толмаған балаларының көзінше де балағат сөздер айтқанын хабарлады.

Оқиғаға байланысты полиция, қорғаншылық органдары және өзге де қызметтердің қатысуымен отбасының тұрмыс жағдайы мен балалардың тәрбиесіне қатысты тексеру жүргізілген. Қазір кәмелетке толмаған балалар әкесінің қарауында.

Кейін әйелді жедел жәрдем бригадасы қарап, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына ем қабылдау үшін жеткізген.

Полиция оның медициналық мекемеге жатқызылуы дәрігерлердің тексеруінен кейін қабылданған шешім екенін атап өтті.

Сайт Әкімшілігі