Қоғам

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды: 5 мыңнан астам адам құтқарылды

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланды, республикалық маңызы бар жолдар жабылды,  деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (температураның күрт төмендеуі, қардың соғуы, көрінудің нашарлауы) 12 желтоқсаннан бастап «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойындағы «Тараз – Алматы» бағыты бойынша республикалық маңызы бар және облыстық маңызы бар жолдар кезең-кезеңімен жабылды. 

«Желтоқсанның 13-інен бастап Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша арнайы құрылған облыстық жедел штаб жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі