Жамбыл облысында жалған мемлекеттік нөмір таққан мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
Облыстық ПД жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы көшелердің бірінде мотоциклді қорғаныш дулығасынсыз басқарып келе жатқан азаматты байқады.
Ақпарат бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоциклді тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті басқару құқығы жоқ екені анықталды. Сондай-ақ мотоциклге тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені белгілі болды.
Құқық бұзушылықтар бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.
Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.