Қоғам

Жамбыл облысында жанар-жағармайды елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Жамбыл облысының Қордай ауданында жекелеген азаматтардың автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнату схемасын ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Осы тәсіл арқылы отын көлемі елден заңсыз әкетіп, кейіннен қайта сату үшін жасанды түрде көбейтілген.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында осындай 300-ден астам құқық бұзушылық фактісі тоқтатылды. Барлық заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Кінәлі жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынып, анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін автокөліктер арнайы айып тұрақтарына қойылады.

Заңсыз орнатылған құрылғылар тексеру барысында бірден мәжбүрлі түрде алынады. Сонымен қатар көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз оларға қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Сайт Әкімшілігі