Әлеумет

Жамбыл облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы парамен ұсталды – БАҚ

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкерлері жоғары лауазымды шенеунікті ұстады. Күштік құрылымдардың назарына жер қатынастары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Нұржан Әжібаев ілінген.

Фото: скриншот

Әзірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы органдар ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда шенеунікті қатаң ұстау сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда кең тарап кетті.

Ақпараттарға қарағанда шенеунік пара алды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша, пара көлемі 250 мың теңгені құраған.

Ақшаны кім бергені және қандай жер мәселесін шешу үшін ұсынылғаны қазір тергеу барысында анықталып жатыр.

Ұсталғаннан кейін Әжібаевты өзінің жұмыс кабинетіне алып барған. Мәлімет бойынша, оның жұмыс орнында жедел-тергеу шаралары мен тінту бірнеше сағатқа созылған.

Сайт Әкімшілігі