Қоғам

Жамбыл облысында жоғалып кеткен шопан табылды

Бүгін Жамбыл облысының Меркі ауданында жоғалған 1982 жылы туған малшыны іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

Фото: ашық дереккөз

Ер адам 2 мамыр күні Тәтті ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта орналасқан қыстақтан мал жаюға шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және «Қазавиақұтқару» АҚ авиациясы жұмылдырылды.

Малшы жоғалып кеткен жерден 35 шақырым қашықтағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылды. Сонымен қатар құтқарушылар жоғалған малды да тапты.

Ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.

Сайт Әкімшілігі