Өңір

Жамбыл Нухы. Ұшқын

Жаңа туған ай жүзінен секпілдікейіп байқалған түн. Жартылай жарық, жартылай қараңғы кеш жаныма тұрақсыздықтыңкермек дәмін татырғандай.

Jasalash.kz

Жарық сәулесіне бір еліттіріп, түн жұмбағына бір шомдырып, алабұртқан көңілді шатастырғанқос түйіс таңдауға ерік берді. Шағылысқан күн нұрынан қос жанарымды ашып-жұмуғамұрсат жоқ. Жарық сәулесінің ызғары тұла бойымды шарпып өткендей, сұстылықтыбайқадым. Сосын, сосын түн қабырғасынан өзімді іздей бастадым. Жылылықты да!Тазалықты шалшық судан іздеген бүлдіршін іспетті, жан-жылулығын түнқұрсауындағы ызғардан тапқандаймын. Аңсарым ауғаны соншалық жарық сәулегебұрылмастан, қапас қойнына сіңіп кете бардым, түн өзіне батыра берді.

Жақсы мен жамандықтың шашбауынкөтерген бұл замана үміт пен үрейден ғана тұрады. Үмітім – қараңғылықты жарыққаайналдыру, үрейім – жарық!

Мен жарықтан қорқамын...

 

***

– Жұлдыздар қозғала ма? – дегенсауалдан шошып оянғандай болдым, дауысы екпінді естілді.  Сөйтсем, үшінші мәрте сұрап жатыр екен. Солсәтте қандай ойға шомып жатқанымды ұмыттым. Жомарт ініме қарасам сауалынажауабын күтіп жатқандай.

– Жоқ, оны қайдан шығардың.Аспан әлемі шексіз, әрине, жұлдыз көлемді болғасын бір орнында тұрады.

– Ал, анау неге қозғалады,сонымен қоса жанып-өшіп те тұрған сияқты.

Мен алдыңғы қиялымнан арылаалар емеспін.

– Өй, көке әне, моншаның дәлтөбесінен жанып-өшіп баяу ғана қозғалып барады.

Байқағаным сол еді, тағы ойғашомып кетіппін. Бұл жұлдыздан  (жұлдыземес шындығында) мен өзімді көрдім. Түр-түсі менің арманым сияқты. Бірде айқын,бірде қараң. Оның жанып-өшіп тұрғаны іспетті. Бағыты белгісіз. Тұрақты орныжоқ.

Жомарт сауалына жауап берейіндеп мойнымды бұрсам ол күбірлеп төсегінен тұрып жатыр. Таң атыпты. Ал мен әлітүнгі ойдамын.

Мен қос әлемде ғұмыр кешем. Семейөңірінде тудым. Кейіннен оңтүстік шаһарға отбасым қоныс аударуды жөн дептауыпты. Бос әурешілік менің денсаулығыма байланысты.  Бірде есті, бірде ессіз күйге түсетінімжасырын дүние емес. Маған күннің жарық сәулесі мен құлақ тұндырар дыбыс естілседертім асқынып кететіні бар.

 

***

Қыс. Алматы. Түн. Кейпі қашқансүреңсіз көше. Дауыл алдындағы тыныштық. Жабырқау көңілге медеу болар бесжеткіншек. Өмірге құштарлық. Болашаққа үміт.

Үміт – Адам ата жергетүсірілгеннен  бергі бізге берілгенЖаратушы сыйы. Ол өлсе адам да өлмек, жүрек те қараймақ, гүл де солмақ. Өмірдіңмәнін үмітке ғана сыйдыруға болады.

Түн ызғарына жарық жылуы арқылытойтарыс беруді ойлаған кішкене бүлдіршіндер… Ата-ананың тар көшедегі кеңдәлізі. Суық отаудағы жылуы, шаршаған ой мен сананың тынысы, абдыққан көңілдегіжүрек тыныштығы еді. Алаулаған жарық ызғарына жұтылып кете барды… Ақпанжарығына...

 

***

– Көке, жұлдыздар күндіз декөріне ме?

Мен үндемедім.

– Әні қарашы, аспанда жұлдызсияқты жарқырап бір көрініп төменге қайтадан түсуде, –   деп мәз болды.

Айнала у-шу. Жамыраған жұртайқайынан мән-жайды білу үшін тысқа кетіп жүгіріп келген Жомарттың әкесіжанұшыра айқай салды:

– Қашыңдар! Бұл бомба!

Бәрі жанталаса жүгіруде. Менқалтырап тұрып қалдым.

 

***

 «Жарығым! Қарғыс атқан сол жарықшақ түбімізгежететін болды-ау! Полигонда не жұмыстарың бар еді, құдай жазасын берсін олардың!»Әжемнің осы сөзі 89 жылдан бері есімде қалды. Алыстан орағыта келген жарықсәулесінен дүмпу естіліп, ойын балаларын назарын өзіне бұрған бұл жарық Атомбомбасы екенін кім білген...

 

Соңы

Семей… Алматы… Арыс…Полигон… Ақпан түні… Арыс оқиғасы… Мен бәрін сезінудемін. Өзімнің жарықбірақ қараңғы оқиғамда бес бүлдіршінді де айта кеткім келді. Ұмытқан әрбіразаматтың жадына! «Жарықты көргенде бізді елестет, сенің де қорыққаның дұрыс».

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега