Жамбыл сотындағы масқара: кісі өлтірген қанішер 5 миллион теңге айыппұлмен құтылды
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 1998 жылыауылдасын атып өлтіріп, бұл қылмысын 21 жыл жасырып келген ЕсмағамбетТілеужановтың кінәсі толықтай дәлелденді.
Алайда сот отырысында «қылмыстық жауапкершіліккетарту мерзімі ескіруіне байланысты» сот залынан босап шықты. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотышығарған бұл шешім марқұм Кеңесхан Мәдіхановтыңтуыстарына төбесінен жай түскендей әсер етті. Марқұмның інісі, Қазақстанның еңбексіңірген қайраткері, әйгілі «Тараз» триосының әншісі Асылхан Шүңірековапелляциялық сот әділ үкім шығармаса, қаны қызу бауырларының бірі «жазасын өзімберемін, кек аламын» деп, арандап қала ма деп алаңдайды.
– Сот«қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі ескіруіне байланысты» деп, қылмыскердісот залынан босатып отыр.Намысымыз тапталып жатыр, – дейді Асылхан Шүңіреков. Ал осы қылмыстықіс бойынша жәбірленуші Шүңірековтердің мүддесін қорғап жатқан адвокат АрдабекБастаров бірінші сатыдағы сот отырысында аталған соттың 21 ақпандағы үкіміменТілеужанов Есмағамбет Қылмыстық кодектің 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі дептанылғанын айтты. Дегенмен аталған кодекстің 69-бабының 1-бөлігімен қылмыстықжауаптылықтың мерзімінің өтуіне байланысты сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатып жіберген. Жәбірленушітарап мұндай шешіммен келіспей, апелляциялық шағым дайындап жатыр.
Бұл ретте Жамбыл облыстық прокуратурасыныңресми мәлімдемесі негізінде оқиғаның қалайөрбігеніне көз жүгіртсек,1998 жылы желтоқсан айында Кеңесхан Мәдіханов пенЕсмағамбет Тілеужанов бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шығып,сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылып, Кеңесхан оқиға орнында қазатапқан. Сондай-ақ прокуратура күдіктінің қылмыстық әрекетіне заңды баға беріп,Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін басбостандығынан айыру жазасы белгіленуі мүмкін екенін айтқан. Алайда сотпроцесінің қорытындысы бойынша Есмағамбет Тілеужановқа 5 миллион теңге айыппұлсалып, сот залынан босатып жібереді. Жантүршігерлігі – істеген қылмысыжауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне байланысты қысқарып отырған ЕсмағамбетТілеужанов көршісі Кеңесханның өлі денесін өз ауласына көміп, үстіне бастырматұрғызып, оның үстін цементтеп тастаған. Тағы бір айта кетуге тиіс дүние – Кеңесханныңсүйегін бастырма астынан құзырлы органдар қазып алғаннан кейін 1,5 ай сотсараптамасын күткен. Туыстары «Кеңесханның денесін қашан жер қойнына тапсырып,аруағына құран бағыштаймыз» деп, тергеуді жүргізіп жатқан Мойынқұм аудандықПБ-нің аға тергеушісі Мәлік Ермегеевқа барып, мән-жайды сұраған. Содан олбірнеше құжатқа қол қойып, сүйекті алуға болатынын айтқан.
–Бір бума қағаздың бірнешеуін оқып көріпедім, бәрі сот сараптамасына байланысты екен. Содан тергеуші қалған құжаттардыңда осы мәтінде жазылғанын айтып, қол қойып бере салуды сұрады. Сөйтсем, соныңарасына «жүргізілген тергеу барысына еш қарсылығым жоқ» деген құжатты да салыпжіберіпті. Міне, осы қағаз сотта алдымнан шықты. Онда біз 2001 жылы ағамыздыңмәйітін тауып, жер қойнына тапсырған болып көрсетіліппіз. Сонда осы ақылғасыйымды ма? Құқық саласы қызметкерлерінің өзі ағамның денесін былтыр Есмағамбеттіңбастырмасының астынан қазып алып жатқанда, біз оны қалай 2001 жылы тауып,жерлеп қоямыз? – дейді марқұмның тағы бір інісі Қасымхан.
Асылханның айтуынша, ағасының артында қалғанбалалары мен бауырлары «әкемді, бауырымды өлтірген адам қылмыс жасап, неге көшедетайраңдап жүреді» деп ашуға булығып жүр екен. Әрине, мұның бәрі жүректіауыртады. «Жастар «кек аламыз» дей ме деп қорқамын. Қазірдің өзіндеауылдастар ру-руға бөлініп, тістерін қайрап отыр. Егер біздің қайта шағым бергенапелляциялық сот дұрыс үкім шығармаса, мұның арты жақсылыққа апармайды. Біз қазірқылмыстық істі «бұзақылық және қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қарауға сотқақұжаттар дайындап жатырмыз. Бұл бап бойынша қылмыстық істің ескіру мерзімі жоқекен. Сондықтан тергеуді қайта жүргізуді талап етеміз. Егер оған құзырлы органдарназар аудармаса, онда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаймыз. Себебібұл айыпталушы мен жапа шегушінің арасындағы кикілжің ғана емес, тұтас ауылмен ағайын арасындағы араздыққа ұласқалы тұр», – дейді Асылхан Шүңіреков.
Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы