Әлеумет

Жамбылда 120 көпбалалы отбасы үйлі болды

Жылсоңына дейін тағы да 493 жамбылдық көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасызету жоспарланып отыр,- деп хабарлайды «Жас Алаш» тілшісі.

Jasalash.kz

БүгінКонституция күні қарсаңында Тараз қаласында 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануғаберілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген тұрғынүйлерді пайдалануға беру салтанатына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов теқатысып, пәтер иелеріне кілттерді табыстады. Шаһардың 15-ші шағын ауданынанжаңа пәтерге ие болғандардың дені көпбалалы отбасылар мен толық емес отбасылар.

Жалпы,Жамбыл облысында жыл басынан бері көпбалалы 120 отбасыға пәтер кілті табысталған.Бұл ретте оның 93-і арендалық, ал 27-сі демеушілер есебінен берілген үй екенінайта кетейік. Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуүшін жыл соңына дейін тағы да 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етужоспарлануда,- деп мәлімдейді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көпбалалыотбасыларға пәтер кілтін табыстау сәтінде сөз сөйлеген аймақ басшысы АсқарМырзахметов баспананың қай уақытта да өзекті мәселе екенінен бастады.

«Қалахалқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздікжылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үйменқамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қаламызда жаңадан салыныпжатқан 15-ші шағын аудан орналасқан жер бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңатұрғын үйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Президенттің бес әлеуметтікбастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үйменқамтамасыз ету. Осы мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы17,6 миллиард теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдіңқұрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғынүйлерді пайдалануға беру жоспарлануда»,- деді өңір басшысы.

Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 720 пәтер пайдалануғаберілсе, оның 200-ге жуығы бағдарлама арқылы банктің тиісті шешімін алғандар. Яғни, олар Конституция күні жаңа пәтерлеріне кіріп, қоныстойын тойлағалы отырғандар. Ал қалған пәтер иелеріне алдағы күндері «Нұрлыжер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары шеңберінде құжаттары дайынболғанда пәтер кілттері табысталатын болады.

Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалыотбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақханақұрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледідеп күтілуде.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега