Жамбылда 39 жедел жәрдем көлігі берілді
Жамбылоблысындабылтырғы жылдың 1 шілдесінен бастап жедел жәрдем қызметіорталықтандырылып, “Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы” болып өзгертілгенібелгілі.
Өз алдына отау құрып шыққан оларға өткен жылы қазынадан 253 миллионтеңге қаржы бөлініп, оған 27 жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынған болатын.
Ал бүгінҚР Конституциясы мерекесі қарсаңындааудандарға 36 дана жедел жәрдем автокөлігінің кілті салтанатты жағдайдатапсырылды.
Бұл ретте Қордай мен Т.Рысқұлов аудандары су жаңа жеделжәрдем көліктеріне қарық болды. Атап айтқанда, Қордайға 11, Құланға 9 жеделжәрдем көлігі табысталды. Ал қалған 19 дана жеңіл жәрдем көлігі өңірдегі өзгесегіз ауданға жол тартты.
– Жалпы облыста 390 денсаулық сақтау нысанықызмет көрсетеді. Оның 29-ы аурухана, аламбулаториялық – емханалар саны – 350, басқалары– 11. 2018 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікшеңберіндегі 29 нысанның құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджеттікинвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып, 1,4 миллиардтеңге бюджеттік қаражат үнемделді. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшікәріптестік шеңберінде облыс аумағындағы елді мекендерде 65 денсаулық сақтауұйымдарының ғимараттарын салу жоспарланған. Осылайша, өңірде 2020 жылға дейінқажетті ғимараттар салу мәселесі 100 пайыз шешіледі, -деді іс шараның ашылу рәсімінде сөзсөйлеген Жамбыл облысы әкімініңорынбасары Еркебұлан Дауылбаев.
Жалпы,Жамбыл облысында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 2017-ші жыл мен2019 жылдың 6 айында 256 жас маман келсе,Денсаулықсақтау министрлігінің бөлінісі бойынша 185 жас маман облысқа жолдамаалған. Оның ішінде 79-ы қалаға,106-сы ауылға.
2019 жылдың7 айында облысымызға 37 жас маман келген. Олардың ішінде 9 жас маман – қалада,28 жас маман – аудандарда еңбек етуде.
Бұдан бөлек, Жамбылда мереке қарсаңында20 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, 11 көп қабатты тұрғын үйпайдалануға берілсе, екі елді мекенде ауыз су жүйесі іске қосылды. Екі ауылдаковоркинг орталығы ашылды. Сондай-ақ,40-қа жуық қоғамдық көлік бүгіннен бастап Тараз көшелерінде тұрғындарға қызметкөрсететін болады.