Әлеумет

Жамбылда «Мырзахметов жобасын» жүзеге асырудың алғашқы қадамдары басталды

Жамбылоблысының әкімі Асқар Мырзахметовтің облыс тұрғындарының табысын арттыру жобасыҮкіметте қолдау тауып, бүгінде Әулиеата өңірінде оны жүзеге асыру шаралары қызужүргізілуде.

Jasalash.kz

Бұл бойынша облыстың әр ауданынан бір-бір ауылдық округ, яғни 10ауданнан 10 ауыл таңдалып алынып, аталған қанатқақты жобаны жүзеге асырудыңалғашқы қадамдары басталды.

Осыған орайоблыс әкімі өзі бастаған тың жобаның барысын тағы бір пысықтап алу үшін аудандарғажұмыс сапарымен шығуды бастап кетті. Осылайша, жобаға енген он ауылдық округтіаралап көрмек ниетте. Мұндағы мақсат – тұрғындармен тікелей жүздесіп,атқарылғалы жатқан істің барысын барлау. Аймақ басшысы алғашқы сапарын Жамбылауданындағы Бесағаш ауылдық округінен бастап, ауыл тұрғындарымен кездесті.Еркін форматта өткен жиында ауылдықтар өз жоспарларымен бөлісті.

Бүгіндеауылдардағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жер телімдерін ұтымды пайдалануы менұқсатып ұстауы ойдағыдай болмай тұр. Оны тиімді табыс көзіне айналдыру –тұрғындардың тікелей өзіне байланысты. Ал жоба аясында халыққа 2,5 пайызбеннесие беру көзделген. Кездесуде Асқар Исабекұлы осыны айтып, тұрғындардыңқойған сұрақтарына жауап беріп, түйткілді жайттардың түйінін тарқатты.

Бесағаш ауылдықокругіне Бесағаш және Түрксіб елді мекендері қарайды. Онда барлығы 1 336 аула,10 көп қабатты тұрғын үй бар. Жалпы халық саны – 6 820 адамды құрайды.Округтегі 1176 аулада жеке қосалқы шаруашылық бар десек, ондағы үй іргесіндегіжер көлемі 154,9 гектарды құрайды. Оның сумен қамтылғаны 771 (104,5 га),пайдаланылмай жатқаны 405 аула (50,4 га).Бүгінге дейін жобаның бірінші бағыты бойынша округтен 1176 аула өтінім берген.Ал мал шаруашылығы бойынша 128 аула иелерінен несие алуға сұраныс түскен. Басқада бағыттар аясында жұмыстар жүргізілуде.Ауыл шаруашылығы саласынан басқа, пилоттық округте жалпы шағын кәсіп бойынша 30миллионнан астам теңгенің 14 жобасы ұсынылып отыр. Оның ішінде: шаштараз,монша, тігін цехы және тағы басқа да жобалар бар. Бұл ретте тұрғындардыңәлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған 131 жобаға сұраныс білдірілген.

Өңірбасшысы жиыннан соң ауыл тұрғыны Мұрат Баянбаевтың жылыжайының жұмысыментанысты. Аумағы 0,7 гектарды құрайтын жылыжайдан жылына екі рет өнім алынса,таза табысы 300 мың теңгеден айналады екен. Асқар Исабекұлы жоба аясындажылыжайдың жұмысын жандандырып, өнім көлемін арттыру керектігін айтты.Сондай-ақ үй іргесіндегі жер телімін тиімді игеріп отырған жылыжай иесінөзгелерге үлгі ретінде ұсынудың маңыздылығына тоқталды.

Өңірбасшысы ауданға жасаған жұмыс сапары барысында Бесағаш ауылдық округіндеорналасқан «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»ЖШС-ның облыстық филиалына атбасын бұрды. Онда дәндік жүгері егілген алқаппентанысты. Жалпы, алқаптағы егістік көлемі 650 гектарды құраса, оның 200гектарына жүгері егіліпті. Ол туралы филиал басшысы Сәкен Сайфулла айтып берді.

А.МырзахметовТүрксіб ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысымен де танысты. Жобаның құны– 1 286,8 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер «ТаразқұрылысДизайн» ЖШС жүргізуде. Тамыз айында басталған мектеп құрылысы сараптамақорытындысы бойынша 7 айда аяқталуы тиіс. Өңір басшысы жауапты басшыларғажұмыстар сапалы жүргізіліп, уақтылы тапсырылуы керектігін ескертті.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега