Әлеумет

Жамбылда үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді

Білім күні мерекесіне орай Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбекауылындағы 140 орындық орта мектеп пайдалануға берілді.

Jasalash.kz

Бұл ретте Бірлесу-Еңбекорта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатындажаңадан бой көтергенін айта кетейік. Жаңа білім мекемесінде балалардың сапалыбілім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы,мәжіліс залы,  асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңамодификациялық кабинеттер бар.

Биыл мектепте барлығы 250оқушы екі ауысымда оқитын болады. Оқу ордасында 39 педагог қызмет етсе, оның12,5 пайызын жас мамандар құрайды.

Мектептің ашылурәсіміндегі құттықтау сөзінде өңір басшысы Асқар Мырзахметов:

«Жамбылдықтар жаңа оқужылын жаңа леппен бастағалы отыр. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшаларқұрылысы қарқын алып, қызу жүріп жатыр. Бұл бүгінгі ұрпақтың білім нәріменсусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшінжасалып жатқан қадамдар. Облыста 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пайдалануғаберілді. Оның біреуі үш ауысымды, біреуі апатты жағдайдағы және үшеуі орынтапшылығы бар мектептің мәселесін шешіп отыр. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданыЖалпақсаз ауылындағы 48 орындық, Байзақ ауданы Ақшолақ станциясындағы 120орындық, Шу қаласы Тоғай алқабындағы 300 орындық, Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбекауылындағы 140 орындық, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта жәнебастауыш мектептері жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастағалы отыр», — деді.

Қазіргі кезде өңірдегі үшауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілген. Бұл туралы облыстық Білімбасқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова айтып берді.

«Жыл соңына дейін тағы 4 нысан пайдалануға беріледі. Қалған апатты жәнеорын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржыбөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады. Биыл облыстың білімжүйесін қаржыландыруға 130 миллиард теңге бөлінсе, бұл  өткен жылменсалыстырғанда 22,2 миллиард теңгеге артық. Оның 5,1 миллиард теңгесі білім берунысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қарастырылған. Бүгінде 15 білімнысанының құрылысы жүргізілуде», — деді Р.Тұрмағанбетова.

Фото: bilimainasy.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега