Өңір

Жамбылдық шенеуніктер шай ішіп келуден неге қорқады?

Жаңа қызметкекелгелі бері бірсыпыра ауыс-түйіс жасап үлгерген Жамбыл облысының әкіміБердібек Сапарбаевтан эстафетаны енді өзімен ере келген орынбасары ЕржанЖылқыбаев алған сияқты.

Jasalash.kz

    Сапарбаев соңғы мәрте өзінің ауыл шаруашылығыжөніндегі орынбасарын ауыстырды. Бұл қызметті осыған дейін атқарып келгенМұратхан Шүкеев әл-әзірге жұмыссыз. Бұған дейін аудан басқарып, одан «Нұр Отан»партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарғанМұратхан Жүнісәліұлына алдағы уақытта қандай мансап берілетіні туралы ешқандайәңгіме жоқ. Ол облыс әкімі орынбасарының креслосында бар-жоғы бір жарым жылғана отырды. Дегенмен Шүкеевтің талай жылғы тәжірибесін, іскерлігін ескереотырып, бір қызмет берілетін шығар деген үміт те жоқ емес.

    Бердібек Сапарбаев Шүкеевтің орнына АсқарМырзахметовтің кадрын қойды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысықызметін атқарып келген Берік Нығмашев елордадан 2018 жылдың наурыз айындакелген болатын. Яғни ол Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы министрі қызметіндежүргенде соның қол астында жұмыс істеген. Басқа – басқа, ауыл шаруашылығысаласын бес саусағындай білетін Асқар Исабекұлы Жамбыл жерінде «Жамбылдықтардыңтұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы деген өңірді дамыту, елдіңәл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаны қолға алғаны белгілі. Бұл үкіметмақұлдаған өте алып жоба. Тек қызметке жаңадан келген әкімдер бұрынғыәкімдердің жақсы тірлігін жалғастыруға құлықсыз болатыны сияқты Мырзахметовтіңбұл бастамасы да бірте-бірте елеусіз қала ма деген қауіптің болғаны рас. Енді,міне, экс-әкім бастаған жобаны соның өзі алып келген кадры жалғастырсын деп шештіғой деймін, әйтеуір, Сапарбаев ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарлығына осыНығмашевті дұрыс көрді. Яғни бірнеше миллиард теңге жұмсалатын Мырзахметовтіңжобасына енді Нығмашев жауапты болмақ.

    Бұл кезде Жамбыл облысы әкімінің орынбасарыЕржан Жылқыбаев та қарап жатқан жоқ. Өз саласына қатысты мекемелерді аралапкөріп, шамасы жеткендерін ауыстырып, кадрды Алматыдан алдырып жатыр. Содан дәлқазiр Жамбыл облысының басшылары түскi үзiлiске шығуға, үйіне барып шай ішіпкелуге қорқатын болды. Өйткенi үзiлiске шығып, түс қайта қызметiне келсе, креслосындабiр алматылық отырады. Әрине, бұл әзiл ғой, бiрақ әзiл түбiнде бiр зiл жататыныанық. Дегенмен де соңғы кездерi Жамбылда «бiр бастық ауысады екен» деген сыбысшықса, iле-шала «оның орнына Алматыдан бiреу келе жатыр екен» деген әңгiметарайтын болды.

     Өткен жылғы Таразда дау болған әжетханаоқиғасынан кейін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен босап, бұлкресло осы күнге дейін бос тұрған еді. Облыстың бұрынғы әкімі АсқарМырзахметовтің кезінде «бұл басқармаға анау барады екен, мынау келеді екен»деген әңгімелердің шыққаны рас. Бірақ облыс әкімінің аяқастынан ауысып кетуіталай жанның жап-жақсы жоспарларын күл-талқан еткені белгілі.

    Сонымен, жақында облыстық білім берубасқармасының басшысы болып Гүлнар Хожабергенова тағайындалды. Хожабергеновабір кездері Алматы қалалық білім басқармасының басшысы болған. Өткен жылдыңқазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мектептерінде 30 мыңдайорынның жетіспейтінін, бастауыш бір сыныпта 40 балаға дейін оқитынын, ал №173мектепте тіпті 50 баланың бір кабинетте отырып сабақ өтетінін айтқан болатын.Бірақ сол кездегі қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Хожабергеноваарнайы брифинг өткізіп, президенттің сөзін жоққа шығарған еді. «Президенттіңжұмыс сапарынан кейін мектептерге сұрау салдым. Ондай ақпарат расталған жоқ.Бір мектептің екінші сыныбында 44 бала болған, одан көп емес. Сондықтан бұлақпараттың президент әкімшілігіне қайдан түскенін білмеймін», – деген еді ол.

     Бірақ президент айтқан фактінің дүмпуіХожабергенованы қызметінен кетуге мәжбүр еткен сияқты. Сөйтіп, Алматыдағы бірколледждің директоры қызметін атқарып жүрген Г.Хожабергенова енді іскерлікқасиетін Әулиеата жерінде сынап көрмек.

   Осы ауыс-түйістің артынша облыстық туризмбасқармасының басшысы болып Ғани Майлыбаев тағайындалды. Ол да әсем Алматықаласынан ауысып келді. Өмірбаянына қарасақ, Ержан Жылқыбаев Алматы қаласыМедеу ауданы әкімі қызметін атқарып тұрған кезде Майлыбаев оның орынбасарықызметін атқарыпты. Осыдан-ақ бұл қызметтің мәселесі қалай шешілгенін бағамдайберуге болады.

    Тегiнде «Іс тетiгiн кадр шешеді» деген рас.Мейлi ғой, кадрлар кешегi Колбин сияқты көршi елден келiп жатқан жоқ. Қайданкелсе де, осы Қазақстан азаматы, осы елдiң баласы. Тек, әйтеуір, Алматыданаттай қалап алдырған кадрлар жұма күні әсем шаһарларына қайтып, дүйсенбі күнітаңертең Әулиеатаға оралып, екі ортада «чемоданный настроениемен» жұмыс істемесеболғаны.

     Қазір жамбылдықтар арасында «түбіндеСапарбаев өз орнына Жылқыбаевты қалдырып кетеді екен» деген әңгіме гулеп тұр.Жылқыбаевтың кадр мәселесіндегі батыл әрекеттері осыны айғақтап тұрғандай.

Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ

Жамбыл облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега