Жан дауысы Сәлімовтың құлағына жете ме?
Семейге Сәбит МҰҚАНОВ атындағы Солтүстік Қазақстанқазақ-сазды драма театры үш күндік өнер сапарымен келді.
Театр ұжымының тарихиқалаға
келіп, Абай атындағы театрда өнер көрсетуіне ұйытқыболған белгілі меценат, «Ақшың» корпорациясының президенті, «Абыралы-Дегелең»қоғамдық қорының басшысы Марат ҚҰРМАНБАЙ екендігін алдымен атап өткен жөн.
Петропавл қаласында 2000 жылы ашылған қазақ театрыныңбиылғы өнер сапарын Семейден бастауының өзіндік мәні бар. Театрдың көркемдікжетекшісі, осы өңірдің тумасы, жас талант Фархат МОЛДАҒАЛИДЫҢ сахналауымен ақынБауыржан ЖАҚЫПТЫҢ «Жан дауысы» поэмасы адамзат қасіретіне айналған Семейполигонының зардабын көрермен алдында паш етті. Атом бомбасы жарылысынан ауырхалге түсіп сұрқы қашқан табиғат көрінісінің сахна тілінде сөйлеуі көрерменқауымды өзгеше әсерде қалдырды. Яғни, қазақ театры сахнасына тұңғыш рет тыңнанжол салған саунд-драмалық жанрмен көркемделген «Жан дауысы» дерт меңдегенДегелең тауының, аһ ұрған Абыралы жұртының қасіретін көз алдыңа әкеледі.Сонымен қатар бір кездері көркіменен көз тартқан атамекеннің ендігі халі қандайкүйге түскені жел, ағаш, тау, бұлақтардың монологымен баяндалады.
Мен — боз даламын!Жылайындесем жасым жоқ,Тарайын десем шашым жоқ.Әлдекімдердің қолыменКөкірегіме басылды от.Күйдім де жандым, өртендім,Күйімді кімге шертермін...- деп азынаған азалы үнге күңіренген қобыз сазықосылып, төбе құйқаңды шымырлатар сәттер бірінен кейін бірі тізбелене шығаберді… Экологиялық проблемалары асқынған Жер-ананың жан дауысын жеткізукезінде Семей ядролық полигонының негізге алынуы бекер емес.
-Біздің театрдың биылғы сапарын Семейденбастағанды жөн көруміздің басты себебі – Семей ядролық полигонында атом бомбасысыналғанына 70 жыл, ал оның жабылғанына 30 жыл толып отыр. Алғашқы күнгікөрерменге ұсынған дүниемізді Бауыржан Жақыптың «Жан дауысынан» бастап отырғансебебіміз де содан. Шындығы керек, полигон азабын бастан өткергенсемейліктердің алдында олардың зар-мұңын сахнаға алып шығу театр әртістеріне декөп жауапкершілік жүктеді. Бар ойымыз – семейліктердің ойынан шығу. Осысапарымызға зор ынтамен қолдау көрсеткен «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорынаүлкен алғысымды айтқым келеді. Дайындық кезінде әртістеріміздің қобалжығандарыда рас. Ал қойылымды саунд-драма жанрында алып шыққан Фархат Молдағали қазіргікүнде әлемдік сахна байқалауларында бақ сынап, театр сыншыларының назарынаіліге бастаған жастардың бірі,-дейді театр директоры Біржан ЖАЛҒАСБАЕВ.
Ал көркемдікжетекші Фархат Молдағалидың ойынша, «Жан дауысының» сахналық ерекшелігі — табиғаттың тіл қатуы арқылы жерлестерінің ойын әлем жұртшылығына жеткізу.
-Менің өзім де күні кеше сансынақты бастан өткерген Абыралы өңірінің орталығы Қайнар ауылында өстім.Полигон салдарынан денсаулықтарынан айырылып, я болмаса, балалары мүгедек болыптуып қайғы жұтып отырған қаншама отбасылар бар. Полигон жабылғанына отыз жылөтсе де оның басқа салған азабы әлі кеткен жоқ. Ерте қиылған ғұмырлар, өңіртұрғындарының жасы алпыстан аспауы сияқты жанға батқан қасіретті өзгеше формадакөрсеткенді жөн көрдім. Бұл жерде табиғат құбылыстары мен жер жаратылысыныңмонологы сөйлеп тұр,-дейді Фархат Ерланұлы.
Айтып айтпай некерек, саунд-драма жанрымен сахналанған бұл қойылымды көрермен қауым тік тұрыптамашалады. Алайда, барша семейліктердің жанарына жас алдырып, жанын толқытқан«Жан дауысына» қала атқамінерлерінің салғырт қарағаны көңілге қаяу түсірді. Өткенде ғана осы театрда АстананыңНұр-Сұлтан қаласы болып өзгеруіне орай өткен патриоттық акция кезінде дедектейжүгіріп, сахнаға шыққан қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған шенеуніктердің өнерқұдіретін сезінуге келгенде кежегесі кейін тартты. Тіпті, жергіліктібасшылық Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі осы Семей полигонының жабылуын елтәуелсіздігін алған бетте жүзеге асырғанынан бейхабар секілді. Жай уақыттастудентін қаптатып, ұрандататын оқу орыны басшыларының да тап осы күні елдіңортақ қайғысын сезінуден сырт айналғаны байқалып тұрды. Айтпақшы, сол патриоттық акцияда Назарбаевтыңсемейліктер үшін басты еңбегі ядролық полигонды жабуы екендігін айтып көсілгензиялы қауым өкілдерінің де бірі көзге ілікпеді. Олар үшін қазағы аз Қызылжарөңірінен қала халқының өмірлік қайғысын сахнада сөйлеткен өнер ұжымының біремес, үш күнге келуі жай ғана бір кезекті мәдени шара секілді. Қорытынды сәттесөз алған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Аққожинаның «өзініңжәне қала әкімінің атынан алғыс айтуынан» осыны ұқтық.
Дегенмен, жаппайағылып барып, тебіреніп шыққан қарапайым жұртшылық С. Мұқанов атындағы театр ұжымынашынайы ризашылықпен тарқасты. Ал семейліктер бүгін және ертең МағжанЖұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» туындысы мен Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» драмасынтамашалайтын болады.
Фотолар автордікі.