Саясат

Жаңа әкіммен Қызылорда шенеуніктері тәртіпті бола бастапты

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзушылықтарыазайған. Қызылорда облысында тәртіптік жазаға тартылғанмемлекеттік қызметшілердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 38 пайызғаазайған.

Jasalash.kz

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол БАЙХОЖАЕВбрифингте мәлімдеді. 

Биыл 6 айда облыс бойынша 342 мемлекеттік қызметшітәртіптік жазаға тартылса, өткен жылыосы кезеңде 486 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Өткен жылменсалыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылық фактілері 38 пайызғатөмендеген. 

«Мемлекеттікқызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдермен 332іс-шара ұйымдастырдық. Шаралар барысында қызметтікқарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі,әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу кезінде өзін қалай дұрыс ұстаукеректігі туралы мәселелер қамтылған Әдеп кодексінің қойын кітапшаларытаратылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілермен жасалғанзаңбұзушылықтардың санының азаюына әсер етуде», — деді Берікбол Байхожаев.

Фото: sputniknews.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега