Әлеумет

Жаңа эпидемия – расизм

Коронавирус әлемді жайлап,таралып, адам шығыны үш миллионнан асып жатқан шақта тиынның «екінші жағы»қылаң берді.

Jasalash.kz

Қазір Еуропа мен АҚШ-та бітімі азиялық азаматтар дискриминацияғаұшырау фактілері жиі тіркеліп жатыр.  

Синофобиялық қарым-қатынас коронавирустың кең таралуымен байланыстырылады.Кейбір қытай халқына ұқсайтын адамдар көшеде бұрынғыдай емін-еркін жүріптұрудан қалған. Мысалға Канаданың Ванкувер қаласында 92 жастағы қартты супермаркеттенқуып шыққан. Зіңгіттей канадалық азаматтың «қытайға ұқсайтын» қартты қалайжетелеп шығарып жібергені видео камераға түсіп қалған. Мұндай нәсілдікдискриминация Аустралия елінде де жиілеген. Дәл осындай жағдай АҚШ-та даболған, итін қыдыртып жүрген азиятқа жергілікті тұрғын келіп, шу шығарып, «БізТрампты не үшін сайладық? Өз еліңе қайт!» деп айқайлаған. Бұған дейін АҚШпрезиденті Дональд Трамп Covid-19 вирусын «қытайлық» деп атаған еді. Еуропадағықытайлар қауымдастығының жетекшісі Марк Вонг Еуропада синофобия барын растаған.Оның айтуынша Қытайға деген өкпенің бір себебі Қытайдың экономикасы өрге басып,Еуропада тұратын азиялықтардың көбіне дәулетті болуы екен. Қазірдің өзіндеинтернетте азиялықтар мен коронавирус туралы мемдерді жиі кездестіруге болады.Әлеуметтанушылардың айтуынша соңғы 100 жылда кең тараған эпидемиялардың көпбөлігі Қытай жерінен шығуы, мәселені ушықтырып отыр.

Мұндай алалауға қазақстандықтар да кезігіп жатады. Францияда тұратындәрігер әрі Сан-Жөл қаласының депутаты Жанар Түребаева сол елдегі жағдайдыайтып берді. «Вирусқа байланысты оңшылдардың нәсілшілдігін гуманисттер тезтоқтатты» дейді ол. Енді олар расизм туралы ашық айта алмайтынын жеткізді.Бұған дейін әлеуметтік желіде модель Айя Шалқар да нәсілшілдік проблемасынакезіккенін айтқан.

Психолог Гүлжан Амангелдинова расизм- ішкі сезімдер мен қорқыныштың,үрейдің жиынтығы екенін айтады. «Оны қорғаныш құралы десек болады. Адам өзініңәлсіздігін сезінгенде ол көбіне ызаға, агрессияға, немесе ырымшылдыққа бетбұрады» дейді ол. Маманның айтуынша бұл «жұқпалы», сондықтан қоғамда тезтаралуы мүмкін. Сонымен қатар психолог вирустың қытайлықтардан емес,териториялық ерекшеліктен шыққанына назар аудару керектігін ескертеді. Бұлжерде БАҚ-тың да кінәсі жоқ емес.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега