Қоғам

Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері жалақысыз жұмыс істейтін болады

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді.

ашық дереккөзден

Депутаттың айтуынша, «Халық кеңесі» қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей диалог алаңы ретінде жұмыс істейді және оның мүшелері қоғамдық негізде қызмет атқарады.

«Бұл – қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететін тетік. Ешкімге жалақы төленбейді», – деді Ерлан Саиров.

Айта кетейік, жаңа консультативтік орган Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай форматтарының орнына құрылмақ.

Сондай-ақ депутат жаңа құрылымға кім жетекшілік ететіні әзірге белгісіз екенін айтып, оны алда уақыт көрсететінін жеткізді.

Сайт Әкімшілігі