Саясат

Жаңа Қазақстан форумы неге тарады?

Оппозициялықкөзқарастағы бірқатар азаматтың басын қосқан «Жаңа Қазақстан» форумытарады.

Jasalash.kz

Бұл туралы «Жаңа Қазақстан» форумы өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

    Форумның Facebook-тегіпарақшасында 20 маусым күні жарияланған мәлімдемеде «ЖаңаҚазақстанның» не себепті тарағаны анық айтылмаған. «Жаңақазақстандықтар»бұл мәлімдемеде осы күнге дейін атқарған істерін тізіп, сайлау нәтижесіне детоқталған.

    Осы форумның мүшесіӘміржан ҚОСАНОВ сайлауға "Ұлт тағдыры" республикалық қоғамдыққозғалысы атынан түскен болатын. Мәлімдемеде Тоқаевтың жеңісін мойындағанӘ.Қосановқа реніш табы байқалады: "Өткен президенттік сайлау және азаматтық қоғам кандидаты ӘміржанҚосановтың оған қатысуы қоғамның саясатқа деген қызығушылығын айтырлықтайкөтеріп, жұрттың азаматтық белсенділігін оятты… Өкінішке қарай, сайлауекінші кезекпен жалғасады деп байқаушылар сенімділікпен болжаса да, жаппайфальсификация орын алып, халықтың қолындағы жеңіс тағы да жымқырылды. Біздіңкандидат та күдікке толы экзит-полдың көрсеткішін тез арада қабылдап, сайлаубойынша бәсекелесін артық асығыстықпен құттықтады. Тәуелсіз байқаушылар бізгебар ақпаратты бергеннен кейін, осы сайлаудың легитимдігі жоқтың қасы жәнехалықаралық демократиялық стандарттарға сәйкестігі жоқ деп біз мәлімдейміз".

    Форум мәлімдемеде халық үмітін орындамағаны үшін кешірімсұраған: «Сіздер күткен үміттің барлығы осы күнге дейін орындалмады депбіз қылжынамыз, сол үшін де кешірім сұраймыз. Дей тұрғанмен біздер атқарғаністер мен қадамның барлығы құқықтық алаңда болды және еліміздің саясиконфигурациясын өзгертуге үмітіміз бар. Солай болса да, Ақордамен жасырынбайланыс бар деген сылтаумен біздің атымызға жалған айыптаулар келіп түсуде.Біз үшін оларды жоққа шығару қиынға түседі. Тарих бәрімізге өз бағасын берер,нәтиже қорытындысын шығарар деген үміттеміз».

    Мәлімдемеге қарағанда, тараған форум мүшелерінің бірбөлігі саясатқа белсенді араласуын тоқтатса, енді бір бөлігі Ермрат Бапи менпартия саяси келісімі болған жағдайда «Ақиқат» ЖСДП-ға қосылуымүмкін.

    Былтыр сәуір айында Брюссельге барған бір топ белсенді елдесырттай сотталған бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин және Қазақстаноппозициясының шетелдегі бюросының жетекшісі  Серік Медетбековпен кездесіп, «ЖаңаҚазақстан» форумын құрғанын мәлімдеген. Форумға саясаткер Әміржан Қосанов,Ермұрат Бапи, Серікжан Мәмбетәлин, Дос Көшім, Дәурен Бабамұратов, саясаттанушылар– Расул Жұмалы мен Айдос Сарым, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов, журналистер – НазираДәрімбет пен Мирас Нұрмұхамедов және тағы басқа белсенділер мүше болған.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега