Жаңа заң: Мұғалімдер енді көше сыпырмайды
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВА «Педагогтар мәртебесі» заң жобасы туралы айтып берді.
Жаңа заңда педагогтың кәсіби құқығы, мектептердің қоғамдық шараларғаатсалысуы жайлы толық жазылады. Бастысы ұстаздың кәсіби жұмысына негізсізараласу жағдайынан қорғау құқығы берілмек. Сондай-ақ, олардың ар-намысы осы заңаясында қорғалмақ.
«Бұл мәселе бойынша,Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілуде. Егер жоғарыдааталған жағдайлар бойынша мұғалімнің құқығы бұзылатын болса, онда азаматжауапкершілікке тартылады. Мәселен, әлгі азаматқа біріншіден ескертужарияланса, екіншіден айыппұл салынады. Айыппұлдың мөлшері басқа санаттағытұлғаларға қолданылып жатқан тәжірибе бойынша айқындалады», — дейді министр.
2018 қазан айында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мұғалімдерді өзініңқызметінен тыс шаруаларға жегуден босату керектігін айтып, «Педагогтармәртебесі» туралы заң жобасын қолға алуды бұйырған.
Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ сайлауды, үгіт-насихат жұмыстарын да мұғалімдердің тегінжасайтынын айтқан еді.
Жалпы, мұғалімдерді кез-келген жұмысқа жұмсау үйреншікті жағдайға айналыпкеткені жасырын емес. Жаңа заңға сәйкес мұғалімдердің құқығын бұзытын адамғабірінші ескерту жасалып, айыппұл да салынады. Қазақстан мектептеріндеұстаздардың білім беруіне көбіне-көп жеогілікті әкімшіліктер кедергі келтіреді.Қызық, шенеуніктер айыппұлдың астында қалама екен?
Фото: facebook.com