Жаңаарқада теміржол құрбандары көбейіп барады
Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының жұрты «теміржолдан көресіндікөрдік» деп наразы болып отыр.
Жаңаарқаауданындағы теміржол стансасына пойыз көп келіп, тоқтайды. Тұрғындарға теміржолды кесіп өтетінқауіпсіз жол толық қарастырылмаған. Жолдан өтетін екі жаяу жүргіншілер жолы барекен. Мұндағы жұрттың айтуынша, бұл екі жолды ұзын пойыз құрамалары жауыпқалады. Мектепке асыққан балалар мен жұмысқа бара жатқан ересектер ұзыннан ұзақсозылған пойызды айналып өтпей, тоқтап тұрған вагондардың астынан еңкейіп өтіп кетеді. Тоқтап тұрған пойыз жүріп кетіп, талай қайғылыжайт орын алыпты. Ресми орындар пойыз басып кетіп, мерт болғандардың саны қаншаекенін нақты айтқысы келмейді. Ал тұрғындар болса, жылдан жылға пойызқұрбандарының көп болып бара жатқанын айтып дабыл қағады.
Жаңаарқа жұрты талай жылдан берібиліктен теміржолдан өтетін аспалы жол салып беруді сұрап келеді. Қараша халықөз қауіпсіздігін ойлай бермейтін балаларының тағдырына алаңдайды. Осыдан төртжыл бұрын қарындасы мен жолдан өтіп бара жатқан 9 сынып оқушысын пойыз қағыпкетіп мүгедек болып қалды. Ұл бала қарындасын жолдан итеріп жібергенімен, өзінің екі аяғын пойыз кесіп кетті.Күні кеше ғана 33 жастағы жаңаарқалық Дүйсен Зайденовты вагондардың арасынанөтіп бара жатқанда маневр жасап жүрген локомотив басып кетті. Қыршын жас оқиғаорнында бақилық болды. Ол үйінен дүкенге баруға шығып кеткен екен.Бүгінде оның артында аңырап ата анасы мен жесірі және бір жастағы баласы қалды.«Туған ағам ғой, тоқтаптұрған пойыздың астынан өтіп үлгеремін деп ойласа керек, бірақ оны тағдырүлгертпеді. Теміржолдағы машинист келді «көрмей қалдым» деп айтты. Енді қайтеміз, өлген адамдыбәрібір қайтара алмаймыз ғой. Біз ешкімді сотқа бермейміз», — деп мәлімдедімарқұмның қарындасы Дана Зайденова.
Жергілікті билік құлақ аспайды
Жаңаарқалықтарталай қайғылы жағдайға себепкер болған теміржол жайын «билік біліп отырса дашара қолдануға құлықсыз болып отыр» дейді.«Қашанға дейін айта беруге болады, талай рет журналистерге айттық, билік жылсайын пойыз құрбандарының көп болғанын тосып отыра ма?! Теміржол бойындағы жаяужүргінші өтетін жол қауіпті, оны пойыз вагондары жауып тастайды. Сондықтантеміржол көпірін салмаса жағдай өзгермейді»,- деп наразы болады атынатамауымызды өтінген Жаңаарқа ауданының тұрғыны.Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚТЖ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі»филиалының директорынан аудандағы темір жол торабына жаяу жүргіншілерөткелін салуға рұқсат сұрап, бірнеше рет хат жолдағандарын мәлімдеді. Бұлрұқсат 2019 жылы берілген екен. Бұл жерге теміржол өткелінің құрылысын салуға 6млн 500 мың теңгеге есептелген мемлекеттік сатып алуға хабарлама жарияланыпты.Тендерде жеңіп шыққан фирмамен келісімшарт жасалған. Енді жобалық сметалыққұжаттама әзірленіп, ол сараптамадан өткен соң, облыстық немесереспубликалық бюджеттен қаражат сұрайтын болады.
Алайда әкімқараларЖаңаарқа жұрты күткен көпірдің қашан салынатынын дөп басып айта алмады. Алаудан жұрты болса, теміржолдан әлі де жандарын шүберекке түйіп өтіп жүр.Арайлым Еркебаева,
Қарағанды