Әлеумет

Жанабыловтар ұтысқа тіккен iPhone 16 смартфондары аукционға шығарылады

Сотталған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша тәркіленген 17 дана iPhone 16 смартфоны мемлекеттік аукцион арқылы сатылымға шығарылады.

Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, гаджеттер электронды сауда алаңы арқылы өткізіледі. Бір смартфонның бастапқы бағасы 484 990 теңге болып белгіленген. Бұған дейін блогерлерден тәркіленген сегіз Hyundai Elantra автокөлігі де E-Qazyna платформасы арқылы сатылған болатын.

Көліктер бастапқыда әлеуметтік желідегі ұтыс ойынына арналса да, кейін мемлекет кірісіне тәркіленген. Олар Эльмира Төлегенова құрған Zhana Business компаниясының теңгерімінде болған. Электронды сауда 7 шілдеде өтті.

Автокөліктердің бастапқы бағасы шамамен 8,4 млн теңгені құрады. Аукционға тек мемлекеттік мекемелер, соның ішінде білім беру және әлеуметтік ұйымдар ғана қатыса алды.

Сайт Әкімшілігі