Жаңаөзен шындығы әлі айтылмады
Жұлдыз Төлеу – Жаңаөзен оқиғасының куәсі болған журналист. Stan.kz ақпараттықбейнепорталы қазақ бөлімінің редакторы болып тұрған кезінде жарты ай бойы Жаңаөзенмен Ақтаудан, Шетпеден ақпарат таратып тұрған.
Бүгінгі сұхбатымыз осы кездегі мәлім, беймәлімоқиғалар тұрғысында өрбіді.
–Жұлдыз, Жаңаөзендегі оқиға кезінде полиция қару қолдандыдеп алғаш естігенде қандай күйде болдың?
– Мен, негізі, сенген жоқпын.Алматыда болғанмын. Қазақ редакциясының редакторымын, Жаңаөзеннен келген ақпараттардыэфирге дайындап жатқан кезіміз еді. Сол уақта Жаңаөзенде жүрген тілшілерімізхабарласып, «мына жақта қырғын соғыс болып жатыр, хабар беру мүмкін емес, біз үйгеқайтамыз» деді.
– Олар кімдер еді?
– Шернияз және Өркен Жоямергендеген әріптестеріміз. Хабарды интернетпен жіберу керек болатын, бірақ байланыста түгел өшкен, кейін қосылғаннан соң, олар Ақтауға келіп, хабарды жіберіпотырды. Әрине, сол жердегі әріптестер түгел жыладық. Мұндай жағдай мүмкін емеседі ғой. Біз мұнайшылардың наразылығын жеті айдан бері үздіксіз беріп келгенбіз,соңы неге апаратынын бәрібір сездік. Тәуелсіздік күні сондай бір оқиғаболатынын білдік. Бірақ дәл мұндай қантөгіс болады деп ойлаған жоқпыз. Арыкетсе су шашатын шығар, көзден жас ағызатын газ шашатын шығар деген ой болды, қаруқолданады деп ойлаған жоқпыз.
– 17 желтоқсаннан30 желтоқсанға дейін жарты ай бойы үздіксіз ақпарат тараттың, Маңғыстаудан,Ынтымақ алаңынан, Жаңаөзеннен. Алғаш көрген кезде ахуал қандай еді, ол жерде?
– Сегіз жыл өткен соң алғашрет сұхбат беріп отырмын. Өйткені бұл тақырыпты көтеру маған өте ауыр. Шынынайту керек, ол жақтан ақпарат таратамын деп үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ, өйткенімен қазақ редакциясын басқарып отырған соң, менің жұмысым тілшілердіңматериалын қарап, оны эфирге жіберу болды. Бірақ Жаңаөзенде жүрген тілшілерімізтүсірілімнен бас тартты. Сосын, редакцияда енді кім барады деген мәселе көтерілді.Бұл оқиға қалайда түсірілуі керек еді. Шыны керек, бәрі үнсіз қалды. Сосын, өзімбарам дедім. Батырлық та, басқа да емес, сондай бір шешім қабылдадым да, сол күнітүнде ұшаққа билет алдық. 16-сы күні түнде ұшуымыз керек еді, әуежайда таңғадейін отырдық. Қызметкерлер «Ақтауда азаматтық соғыс болып жатыр, ол жаққа ұшырмайды»деп түсіндірді. Сөйтіп, 17-сі күні таңғы сағат бестерде ұштық. Заттарымызды қойып,қонақүйге орналасқан соң, бірден алаңға бардық.
Күн әлі ерте болғанына қарамастан,Ынтымақ алаңына жиналған адамдардың шегі жоқ. Мұнайшылар бір жақта, полицияжасағы бір жақта. Жасақ бастан-аяқ қаруланған, ал мұнайшы жігіттердің қолында түрліжазулардан басқа ештеңе жоқ. «Халыққа неге оқ атасыңдар?» дейді. Ар жақтанжігіттер тағы да ағылып келіп жатты, «эфирден көрген соң, жұмысты, бәрінтастап, қолдау көрсету үшін келіп жатырмыз» дейді. Әрине, қорқыныш болды, бірен-саранғана журналист едік. Сондай бір қорқыныш, екі жақ бір-біріне жақындаған кездеортасында қалып кететін сияқтысың. Бірақ сол қорқынышты жеңіп, сол жерде тұрыпхабар таратуға тура келді.
– Ынтымақтағыазаматтардың сол күнгі талабы қандай болды?
– Егер қателеспесем, Жаңаөзен мүлдежабылды, коменданттық сағат орнады. Ал жаңаөзендіктер «Неге халыққа оқ атасыңдар?Президенттің өзі келсін, осы жағдайды түсіндіріп берсін» деген талап қойды.
– Маңғыстау халқыныңалаңға тамақ әкеп беруі сияқты нәрселер адамға әсер етеді ғой...
– Иә, бір-екі жағдай болды.Кейбір шеттен, алыс ауылдардан келген жігіттерді Ақтау тұрғындары үйлеріне қондырды.Ыстық тамақ әкеп берді. Сол кезде мынадай көрініс болды: әкімшілік өкілдері,полиция басшылығы келіп, «тараңдар» деп жатыр. Кейін олар ақ орамал тартқан біраналарды алып келді. Олар микрофонды алып, «Ей, балаларым, сендердің бұлай тұрғандарыңжарамас, қайтыңдар» дей бастағанда, бүкіл жұрт шулап, сөйлетпей қойды. Сосын, көтерілісшілердіңарасынан лидерлері шығып, микрофонмен «Апа, рақмет, енді қайта қойыңыздар, сіздербізді тоқтата алмайсыздар» деп, өте мәдениетті түрде шығарып салды. Сондағы таңғалғанбір нәрсем – жиналғандардың осындай ұстамдылығы. Ешқандай дөрекілікке бармай, сондайбір шешендікпен айтарларын айтты, өздерін өте мәдениетті ұстай білді.
– Егер қателеспесем,екеуміз желтоқсанның 20-сы, әлде 21-і күні Ақтауда кездесіп, шай іштік. Сенің қасыңдаВиктор Гудзь бар. Кешқұрым болатын. Сендер түсірілімнен кеш қайттыңдар, мәйітханаларданкадр түсірдіңдер. Сол кезде көп дүниелердің эфирге сыймай қалғанын айттың. Ол қандайкадрлар еді?
– Жолды жапқанына, коменданттықсағат орнатқанына қарамастан, біз Жаңаөзенге бардық. Себебі сол жердегі оқиғаныңақ-қарасын шынайы түрде көрсету керек болды. Ол кезде қайтыс болған адамдартуралы әртүрлі ақпарат жүріп жатты. Кейбіреулер 100 шақты дейді, ресми ақпарат10-нан асады дейді. Соның бәрін анықтау үшін мәйітханаларға баруға тура келді.Ауруханаларға бардық. Ішкі істер министрлігінің жертөлесінде қаншама жігіттержатыр деген ақпарат естідік. Сондай жерлердің бәріне бардық. Көптеген адамдардыңкөз жасын көрдік. Бастапқыда жалғыз болдым, сондықтан бәріне қол жеткізу мүмкінболмады. Ауруханадағы жараланғандармен сөйлесу, мәйітханаларға кіру, ІІМ-де қамаудаотырғандармен тілдесу, қаралы үйлерге бару… Оның бәрін бір күнде аралап шығу,түсіріп үлгеру мүмкін емес. Бірақ барынша эфирге шығаруға тырыстым.
Коменданттық сағат кезіндеауруханаға кіру мүмкін емес. Әйтеуір, бір амалын тауып кірдік. Оған халықтың өзікөмектесті. Ауруханаға кіріп, жараланғандардан сұхбат алуға мүмкіндік туды. Солкезде ауруханада жүрген дәрігерлер де бізді жасырын кіргізді. Соған қарағандаолар да бұл жағдайға бейжай қарамаған сияқты.
– Ел ішінде осытрагедияның ортақ екенін сезінген адамдар ғой. Әдетте мемлекеттік қызметкерлермұндай жағдайлар кезінде халықтан алшақ, оқиғадан тыс тұрады. Биліктің бұйрығынорындауға бейім келеді.
– Иә. Міне, біз осы оқиғаны айтқанжоқпыз. Сегіз жыл бұрын дәрігерлердің көмектескенін айтсақ, оларға зияны тиереді. Сол себепті бұл мәліметті осы уаққа дейін жасырдым.
–Сол кездепрезидент Нұрсұлтан Назарбаев келді. Келді де, халықтың алдында «мұны ішіп алғандар,бұзақылар істеді, олар тонаушылықпен айналысты» деген сөздер айтты. Сондасарапшылар, саясаткерлер «86-жылғы оқиға кезінде де билік осындай мәлімдемелержасаған» деген пікір айтып жатты. Сен Ақтауда, Жаңаөзенде жүрген кездежергілікті әкімдік пен полиция президент сөзін дәлелдейтін айғақтар ұсына алдыма?
– Бірден кесіп айтайын, мұндайайғақтарды көрсеткен жоқ. Біз күніне 24 сағат мұнайшылардың арасында жүрдік. Қаралыүйлерге бардық. Бірақ сол кезде солардың біреуінің ішімдік ішіп болмаса бұзақысөз сөйлегенін көрген жоқпын. Кейін бұл оқиға Шетпеде жалғасты. Шетпенің халқынаразылық білдіріп, жолды жауып тастады. Ары қарай Шетпеге де баруға туракелді. Есіңде болса, сол жерде өрт сөндіруші Төребек Төлегенов қаза тапты.Басында оқ байқаусызда тиіп кетті деп айтты. Кейіннен біз Шетпеде жүргендеполиция бастығы келді. Мен одан: «Қаза болған жігітке қару қолданған кім?» –деп сұрадым. Ол: «Біз», – деп жауап берді. «Неге атасыздар?» – дегенімде, «Өйткеніол ана жаққа шығып кетті, бұйрықты орындамады», – деді. «Ана жақ» дегені – халыққой. Мұның видеосы да бар, YouTube-те де жүр. Сюжет жасағанбыз.
Кейін сол полиция басшысынан «Халыққылмыс жасады дегенге қандай дәлел ұсынасыз?» деп сұрадым. Сол кезде «ондай дәлелалған жоқпыз» деп жауап берген. Бұл да сол кадрда сақталған.
– Шетпе сол кездеЖаңаөзен трагедиясына үн қосқан ауылдардың бірі болды. Ол жердегі атмосфера қандайеді?
– Үлкен толқу болды. Біз солауылдағы жұрттан, қайтыс болған жігіттің әке-шешесіне көңіл айтып, анық-қанығынсұрауға тырыстық. Ол жігіт жаңа жылға қарсы үйленуге дайындалып жүріпті. Бір үйдіңжалғыз баласы екен. Әке-шешесі жылап отыр. Сол күні түнде «халық толқып жатыр»деп шақырып алыпты. Барған соң, пойыз жолды жауып жатқан халықты көрген, мән-жайдытүсінгеннен кейін халық жағына шыққан ғой. «Халыққа қарсы қару қолданбаңдар»депті. Содан өзі оққа ұшыпты.
– Бұл ақпаратты «Новая газета» басылымының тілшісі Элена Костюченко датаратты. Ол тергеу абақтысында соққыға жығылып, жазықсыз өлген Базарбай Кенжебаев трагедиясының шындығын ашты. Кейінненсотқа келіп куәлік етті. Жаңаөзенде жүргенде осы Эленамен кездестің бе?
– Элена жүр екен депестідім, бірақ кездесе алмадым. Өйткені, өзің білесің ғой, ол кезде әріптестерменхабарласуға да мұрша болған жоқ. Бірақ онымен 2012 жылы ақпан айында Брюссельдекездестім. Еуропарламентте осы Жаңаөзен оқиғасына қатысты тыңдау болды. Солжерге хабар таратқан журналист ретінде мені де шақырды. Элена да барыпты.Еуропарламент депутаттарының алдында өзі көрген барлық оқиғаны жеткізді.
– Эленаны айтып жатқансебебім – осы хабарда алғыс ретінде аты аталса деген ой еді. Жаңаөзен бір күндеболған жоқ, мұнайшылар жеті ай бойы ереуілдеп тұрды. Сен соның бел ортасында жүрдің.Жалпы, сол оқиғаны беруде отандық БАҚ-ты қалай бағалар едің?
– Бұл о баста еңбек дауы болыпбасталды. Мемлекеттік ақпарат құралдарынан мүлде берілген жоқ деуге болады.Берген күннің өзінде, мұнайшыларды, олардың құқығын қорғаған кәсіподақ өкілдерінкінәлап жатты. Соколова деген құқық қорғаушы сотталды да. Байқағаным, мемлекеттікБАҚ «мұнайшылар жалақыны онсыз да көп алады, оларға не жетпейді?!» деген көзқарастаберді. Негізінен, жеті ай бойы мұнайшылардың наразылығын беріп жатқан – Stan.kzақпараттық порталы болды.
– Жаңаөзен оқиғасынанкейін тендерде отырған баспасөз құралдары мен телеарналар «негізі, мұндай қантөгісболмайтын еді» деп, ақтап алудың себептерін іздей бастады.
– Ол кезде қазіргідей әлеуметтікжеліде белсенділік жоқ болатын. YouTube арналардың да дамымаған кезі. Егер қазіргідейайтқан сөзің қазір-ақ тарап кететін кез болса, Жаңаөзеннің соңы мұндай ауыр жағдайменаяқталмас еді. 2010 жылдар шынайы ақпаратқа зәру кезең болды.
– Демек, алдын алуғаболатын еді?
– Солай ойлаймын. Бірақ бұл оқиғаіз-түзсіз кеткен жоқ, осы жағдайдан соң қоғамда аздап сілкініс пайда болды.Тіпті мемлекеттік телеарналардан өз еркімен жұмыстан шыққан журналистерді білемін.
– Кімдер?
– Атын айтпай-ақ қояйын.«Хабар» телеарнасынан, «Қазақстан» телеарнасынан маған телефон соғып, «сен істегенерлікті біз істей алмадық» деп, кешірім сұраған әріптестерім болды.
– Жалпы, журналистикадеген кәсіпті әркім әрқалай бағалап, әрқалай түсіндіреді. Сен үшін журналистикадеген не?
– Оқу бітіргелі тәуелсізарналарда жұмыс істеп келе жатырмын. Негізі, мен үшін журналистика – халыққашынайы, объективті ақпарат жеткізу. Ел ішінде тәуелсіз БАҚ-та жұмыс істедің бе– болды, сен оппозиционерсің деген түсінік бар. Немесе міндетті түрде саясаткерболып кетуің керек. Журналист бейтарап болуға тиіс деп айтар едім. Маған«сен «Станда», «Азаттықта» істедің, оппозиционерсің» деп айтып жатады. Бірақмен өзімді оппозиционер немесе саясаткер деп санамаймын. Cаяси белсенділіктанытпағам да. Жай ғана журналистік кәсібіммен айналысып келемін.
– Жаңаөзенненкелген соң, саған «коменданттық сағаттың тәртібін бұздың» деген айып тағылды.Соның соңы не болды?
– Жаңа жылдан кейін Жаңаөзеноқиғасын ары қарай тереңдете зерттеу үшін қайта бардым. Сол кезде Ақтауда жүргенкезімде облыстық прокуратурадан қоңырау шалып, менің Жаңаөзенге баруым керекекенін айтты. Ол кезде бас прокуратурадан осы оқиға үшін арнайы прокурор тағайындалған.Соған баруым керек екен. «Бармасам не болады?» деп едім, «өзіңізге қиын болады»деді. Қолыма қағаз берді. Сосын, бардым. Арнайы прокурордың аты, қателеспесем,Серік болуы керек. Осы істі тергеу үшін президенттің өзі тағайындаған. Ол кісі:«Сіз тәртіп бұзғаныңызды білесіз бе? Сіз коменданттық сағат жарияланған жерде хабартаратып жүрсіз, жауапқа тартыласыз», – деді. Мен журналистік міндетімді атқарғанымдыайттым. Олар 14 тәулікке қамаймыз деді. Бірақ бір ұсыныс айтты. 16-сынан берібіздің арна түсірген видеоларды прокурорға әкеп өткізсем, мені қудаламайтын болды.Мен, әрине, бас тартым. Ол кісі ашуланып: «Алып кетіңдер, мына қызды», – деді. Қасындажастау прокурор болды, сол кісі «журналист қызды бір жолға кешірсек қайтеді?»деді. Үлкен прокурор ашуын баса алмай, «алып кетіңдер дедім ғой» деді. Меніңойым, 14 тәулікке қамалсам, әлгі видеолардың тағдыры не болады деп тұрмын. Өйткеніқолымда қатқыл диск бар, соның ішінде бәрі тұр. Сол дискті операторға қалайберіп үлгеремін деймін. Сосын, тағы бір жігітті шақырды. Ол да «аға, бір жолға...»деп тұрып қалды. Прокурор екі жігіт бірдей өтініп тұрған соң, жұмсара бастады.Ақыры, «жарайды, бір жолға кешіреміз, бірақ енді қайтып келмейсің» деп,жігіттерге «Ақтауға дейін шығарып салыңдар» деп бұйрық берді. Әлгі жігіттердіңкім екенін де білмеймін, бірақ құқық қорғау органдары арасынан да сондайжанашырлық танытқан адамдар болды. Соның арқасында ары қарай қудаланған жоқпын.
– Олар да біледі ғой,бұл оқиғаға кім кәнілі екенін, мүмкін, сол себепті де кешіруге тырысқан шығар.Одан кейін Жаңаөзенге бардың ба?
– Әрине. Тіпті бізді Ақтау менЖаңаөзеннің арасындағы посттан өткізіп жіберген соң, Ақтауға барып, тамақтаныпалған соң, ертеңіне таңғы сағат 5-терде Жаңаөзенге қайта кірдік. Өйткені дәлосы уақытта посттар қатты тексермейді. Осы жерде бір оқиға есіме түсіп отыр.
Алаңда қайтыс болған бір жасжігіттің отбасына барып, арнайы сұхбат алып, хабар түсіріп жүрмін. Әке-шешесі«баламды атқан кім екенін тауып берсін» деген талап қояды. Соны түсіріп жатқандаүй иесіне біреу телефон соқты. Сөйтсе, Жаңаөзенгежурналистер кіргенін естіген полиция бізді іздеп жатыр екен. Жаңаөзеннен қайташығу проблема болды. Жүргізушіміз бар еді, ол көлікпен жалғыз өзі кетті. Солжердегі мұнайшы жігіттердің бірі маған журналист екенім білінбейтіндей, әйелініңкиімдерін кигізіп, машинасына отырғызып алып жүрді. «Жолдан ұстаса «әйелім, Ақтауғаауруханаға апара жатырмын» деп айтамын» деп, постқа дейін жеткізіп салды.
– Жаңаөзен оқиғасынанкейін жаппай соттаулар басталды. Бұл тәуелсіз Қазақстанда Шаңырақ оқиғасынанкейінгі ең ірі соттаулар еді. Біздің әріптесіміз Азамат Қалымбет, бүгіндеарамызда жоқ, бір жыл бойы хабар таратты. Сеніңше, жазықты адамдар жазаландыма?
– Азаматты айтқан соң есіме түсіпотыр, сегіз жыл ішінде осы оқиғаға қатысты көптеген адамдар қайтыс болды. Осығанқатысты шындықты айтқан Базарбай Кенжебаевтың қызы қайтыс болды. Алдымен әкесі,одан соң қайғыны көтере алмай шешесі қайтыс болды. Ал қаршадай Әсем жас болсада, шындыққа жетемін деп біраз жүгірді. Ақыры, 24 жасында бақилық болды. Меніңше,Азамат та бір жыл бойғы соттан кейін ауырып қалды. Адамдардың бүкіл жанайқайын өзіненөткізді, соны көтере алмады. Мен де оқиғадан соң жарты жылдай ауырып жатып қалдым,депрессия болды.
Ал кінәлі адамдарға келсем, менбұл сұраққа жауап бере алмаймын. Шынымды айтайын, білмеймін. Бұл оқиғаны ғылыми,тарихи тұрғыдан зерттеушілер айта жатар, мен ол жағына баға бере алмаймын.
– Бұл оқиға ұлттықтрагедияға айналды ма?
– Олай деп айта алмаймын. Мен қателесетінде шығармын, бірақ тек Жаңаөзен ғана жыл сайын еске алу өткізеді. Батыс өңіріненадамдар баратын шығар, оны нақты айта алмаймын. Еуропада жүргенде сол жақтағыбір психоаналитик «егер қандай да бір оқиғаға баға берілмесе, ол оқиға міндеттітүрде қайталанады» деп қалды. Сөйтсем, бұл Зигмунд Фрейдтің сөзі екен. Меніңесіме 86-дағы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы түсті. Қандайда бір оқиғаға елі, мемлекеті нақты, әділ баға бермесе, ондай қателіктер,трагедиялар қайталанып тұрады екен. Тарих та жанды нәрсе.
–Сегіз жыл ішінде Жаңаөзенгебардың ба?
– Барған жоқпын. Себебі Жаңаөзеноқиғасы менің өмірімді өзгертті деуге болады. Айттым ғой, кейін ауырып қалдымдеп. Содан кейін біртіндеп басқа салаға қарай бет бұра бастадым. Психоаналитикасаласына. Жаңаөзен оқиғасынан кейін адам жанын тануға ұмтылыс пайда болды.
– Жұлдыз, бүгінбіраз нәрсені айттық, біраз дүниені еске түсірдік. Әңгімеңе рақмет, саған шығармашылықтабыс тілеймін. Өз тарапымыздан Жаңаөзен құрбандарын еске алып, иманды болсындейміз.
Сұхбаттасқан Қанат ТІЛЕУХАН