Саясат

Жаңаөзенде белсендінің көлігін өртеді

Түн ішінде өртенгенкөлік және бірнеше белсендіге қозғалған қылмыстық іс.Құрылтай қарсаңында Демократиялық партия өкілдеріне қысым күшейген.

Jasalash.kz

Ақпанның 17-і күніАлматы қаласында Демократиялық партияны құрушы бастамашыл топ өкілдері баспасөзмәслихатын өткізіп, аймақтардағы белсенділердің қысым көріп жатқанын мәлімдеді.Жиынға оппозициялық саясаткерлер Төлеген Жүкеев пен Жанболат Мамай қатысты.

Жанболат Мамайдыңсөзінше, күн өткен сайын партияның аймақтардағы белсенділеріне қысым көбейген. ОғанЖаңаөзен қаласындағы белсенді Мұратбай Жұмағалиевтің автокөлігінің өртенуідәлел.

«Жаңаөзен қаласында Демпартияның белсендісі, сол жақтағыделегаттарды ұйымдастырып жүрген Мұратбай Жұмағалиевтің түнгі сағат 1:30шамасында көлігін өртеп кетті. Ол бұл оқиғаны биліктен көріп отыр. Бізде солайдеп есептейміз. Автокөліктің өртенуі деген сөз, Демократиялық партияныңмүшелеріне ашықтан-ашық жасалған қоқан-лоқы. Яғни ашық қысым. Біз бұған дейінде хабарлағанбыз. Өткен аптада Оралдағы белсенді Жанат Есентаевтың Facebookпарақшасындағы акаунтын бұзып, «билікке қысым көрсету керек, қолға қару алукерек» деген сыңайда посттар жазған. Ол әлі күнге дейін өзінің Facebookпарақшасына кіре алмай отыр. Бұл да саяси себептермен жасалып отырған қысымдардыңбірі. Бүгін таңертең партияның белсенді мүшесі, құқық қорғаушы МақсатАйсауытовты бес тәулікке қамап тастады. Жаңа ғана Құрылтайдың тағы бір делегатыИсатай Өтеповқа қылмыстық іс қозғалып, оған Орал қаласынан шығуға тиымсалынғаны белгілі болды. Ертең таңертең олар Алматыға жолға шығуы керек болған.Бұдан бөлек, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей қалаларындағы Демпартиябелсенділеріне қысым жасалуда», — деді Ж. Мамай.

Саясаткердіңайтуынша, жасалып жатқан қысымдардың барлығы 22-ші ақпан күні өтетін партияқұрылдайына кедергі келтіруге бағытталған. Бұған тікелей экс-президентНұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты.

«Егер біздің құрылтайымызға арандатушылар келіп, айқай-шушығарып, бізге қарсы әрекеттер жасағысы келсе, бұл тікелей НұрсұлтанНазарбаевтың жауапкершілігінде болады. Өйткені биліктің барлығы солНазарбаевтың қолында. Екінші жауапты адам Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол Қазақстанныңпрезиденті ретінде Қазақстанда болып жатқан процестерге тікелей жауапты адам.Қазақстанда жаңадан саяси күштің пайда болмауына, демократиялық өзгерістердіңболмауына бірден-бір мүдделі адамдар осылар», — деді Ж. Мамай.

Баспасөз мәслихатыкезінде Мұратбай Жұмағалиевтің өзі «Whats App» желісі арқылы тікелей эфиргешығып, оқиғаның қалай болғанын айтты. Оның сөзінше, оқиға түнде болған және Демпартияқұрылтайы жақындаған сайын жергілікті әкімдік, құқық қорғау органдары тарапынантүрлі арандатулар болуда.

«Демократиялық партияның құрылтайы жақындаған сайын біздеүкімет, әкімдік, органдар тарапынан осындай әртүрлі арандатулар болып жатыр. Күні-түнімені аңдып жүр. 22-і күні болатын құрылтайға барма дейді. Түнде осындай жағдайболды. Өзім бұған құзырлы органдардың қатысы бар деп ойлаймын. Себебі бізге бірайдан бері көптеген қысым көрсетіліп кетті. Бұл құрылтайды заңсыз деп айтаалмайды, бірақ қарсы шығып отыр. Облыс, қала әкімдерімен сөйлестік. Олар даешнәрсе дей алмады, «барлығы үш әріптің дүниесі, біз оған ешнәрсе істейалмаймыз, оның барлғы саясат» деді… Көлікті түнгі бірлер шасамасындажүргізуші жағынан өртеді. Мен өртеніп жатқанын екінші қабаттан қарадым. Барамдегенше көлік атыла бастады. Қатты өрт басып кеткендіктен мен қақпадан шығаалмадым. Содан өрт сөндірушілер келіп, сөндірді. Көліктің жанында бір қорапсіріңке, канистр, қолқап жатты. Полицияға бүгін барып, «мен сіздерден көремін,маған басқа ешкім қарсы шықпайды» деп айттым», — деді М. Жұмағалиев.

Жұмағалиевтыңайтуынша, ол 2011 жылы болған Жаңаөзен оқиғасына байланысты 29-шы қаңтар күніелордаға барып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсесіне хат тапсырған. Билікөкілдері оған да қарсы болған. Себебі белсенділер хатта Жаңаөзен оқиғасыныңақиқатын ашып беруді және зардап шеккендердің отбасына мәртебе беруді сұраған. Айтакететін бір жайт, Жас Алаштың 4-ші ақпан күні шыққан №7 санында МұратбайЖұмағалиевтің «Оқ атқандар мен оларға бұйырық бергендер жазалануы тиіс» аттысұхбаты жарық көрген.

Саясаткер ТөлегенЖүкеевтің сөзінше, билік құрылтайды да, қоғамда болып жатқан процестерді детоқтата алмайды. Себебі халықтың билікке деген көңіл-күйі өте шашар.

«Құрылтайды өткізбеу үшін қолдарынан келгеннің барлығыністеп жатыр. Бірақ олар білуі керек, түсінуі керек, естуі керек, қалай болғандада біз құрылтайды өткіземіз. Оны тоқтата алмайды. Құрылтай түгілі, қоғамдаболып жатқан процестерді тоқтата алмайды. Қайнап тұр барлығы. Халықтың биліккедеген көңіл-күйі өте нашар. Биліктің абыройы плинтустан да төмен. Обективті бірсөз айтқың келсе, ешкім оны тыңдамайды. Бұның түбі неге апаратыны белгілі. Олреволюцияға алып келеді», — деді Т. Жүкеев.

Демпартия өкілдері бұған дейін де қысым көріпжатқандарын айтқан. Олар осыған байланысты 20-шы қаңтар күні Алматы қалалықпрокуратурасына арнайы хат та тапсырған. 

Фото ашық ақпарат көздерінен.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега