Қоғам

Жанболат МАМАЙ: Нұр Отанды тас-талқан етіп жеңеміз! (аудио)

«Жас Алаштың» аудиподкастының кезекті шығарылымында қоғам қайраткері, журналист-диссидент Жанболат МАМАЙМЕН болған сұхбатты жариялап отырмыз.

Jasalash.kz

«Саясаткер Төлеген Тілекұлы мен құқық қорғаушы Сергей Дуванов бізге кеңестерін беріп отырады. Партия жастардікі болады. Қазір көптеген жастармен кездесіп жатырмыз. Қолдаушылар саны көп. «Нұр Отанды» тас-талқан етіп жеңетін партия құрамыз », — деді Жанболат Мамай.

Сондай-ақ, сұхбат барысында қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ жайлы айтылды. Халық жазушысы Мұхтар ШАХАНОВПЕН арасындағы қарым-қатынас та сөз болды.

«Алғаш саяси-қоғамдық өмірге М.Шаханов атындағы« Рух пен тіл »клубын құрып араласа бастадық. Біраз қоғамдық жұмыстарды бірге атқардық. Бірақ ол кісі кейіннен саяси процесстерден алыстап кетті. Сондықтан да біз өз жолымызбен кеттік », — деді Ж.Мамай.

Сұхбаттың видео нұсқасын Youtube.com -дағы «Жас Алаш» арнасынан көрсеңіз болады.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега