Жанболат Мамай саяси партия құрмақ
Бүгін қоғам қайраткері,журналист Жанболат Мамай мәлімдеме жасады. Өзінің жақтастарымен бас қосқан олжаңа саяси партия құрмақ.
Арнайы ұйымдастырылған пресс-конференцияда ЖанболатМамай: «Біздің қоғамға өзгеріс керек. Бүгінненбастап бейбіт жиынға шығып, ұсталған саяси тұтқындар босатылуы тиіс. Кез келгеналаңға шыққан адамды қамап, әкімшілік жауапқа тартып жатыр. Бұл дұрыс емес.Бейбіт шеру туралы заң өзгеруі тиіс. Содан кейін конституция туралы заң даөзгеруі керек. Қазіргі заңмен ештеңе өзгермейді. Елде болып жатқан жағдайбәрімізді алаңдатып отыр. Біз парламенттік мемлекет болуымыз керек.
Мен 2017 жылы қамалдым. Мүлкім тәркіленді,журналистикамен айналысуыма бір жылға тиым салынды. Бірақ менің жеке басымнанда маңызды дүниелер бар. Әріптестерімізбен келісіп, саяси партия құруды көздепотырмыз. Партия құру жәй әділет министрлігіне тіркелу емес. Ол мүдделесазаматтардың бас қосып, қоғамды өзгертіп, билікке келу. Біз осыған дайынбыз. Бүгінгібиліктің саясатына көңілі толмайтын, елде өзгеріс болғанын қалайтыназаматтардың бәрі бізге қосыла алады. Бізге елбасы туралы, қауіпсіздіккеңесінің төрағасы туралы заңның керегі не? Олардың бәрін өзгертуіміз керек. Керекзаңдарға қолданыста жүруі шарт.
Дәл қазір бізде тіркелген партиялар болғаныменен шынайыөзгерісті қалайтын партия жоқ. Бір ғана партия бар, ол – «Нұр-Отан». Қалғандарысоның клондары. Алда келе жатқан сайлауға қатысып, күш болатын партия жоқ. Біз алдақиындық болатынын білеміз. Оған дайынбыз. Өз сөзімізде тұратындығыымзға сөзберемін», — деді.
Бұл жиын туралы толық ақпаратты«Жас Алаш» сайтынан күтіңіздер.
Фото: zhasalash.kz