Жәнияның арманы немесе үнсіздер әлемінің ащы айғайы
Атам қазақ «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» дептекке айтпаса керек. Бүгінде әлемді індет жайлаған тұста небір дәулеттіжандардың өзіне үрей бітті, олай болса, баяғыдан әлжуаз әлеуметтің жағдайы қалай?
Мәселен, Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында тұратынМыңбаевтар отбасы еліміздегі төтенше жағдай кезінде үкімет тарапынан берілген 42500 теңгені, «Нұр Отанның» 50 мыңын немесе коммуналдық қызметке бөлінетін 15мың теңге көмектің бірде-біреуін алмаған. Ал бұл отбасы мүшелері түгел дерлік мылқау: ерлі-зайыпты ата-ана және балалары.Араларында жалғыз қызы Жәния ғана сау. Бізге үй ішінің қатты қиналып кеткенінсол Жәния хабарлап айтты. «Бүгін соңғы ақшамызға нан сатып алдық» дегендіқинала әрең жеткізген ол өксіп жылап жіберді.
Болмаған балалықшақ
Берік пен Жаннаның отасқандарына биыл 10 жыл толады. Екеуі де тумысынанмылқау. Талдықорғандағы арнайы мектепте білім алды. Ерлі-зайыптылар бірін-бірісол жерде тапты. Көңіл жарастырып, отау құрды. Алайда жастық жалынмен, алыпұшқан көңілмен үйленіп алған екеуі кейіннен қатты қиналды. Ә дегеннен тұрмыстаршылығы алқымнан алды: не тұратын баспаналары жоқ, не ішерге ас, киергекиімдері болмады. Әркімнің босағасында жүрсе де, әйтеуір, пәтер мәселесін шешті. Мейлі, оны қоя берші, нағыз қиналыс Жаннаныңайы-күні жақындағанда басталды. Ол «балаларымыз да біздей мылқау болса ше» дегенуайым еді. Себебі Жаннаның екі бірдей бауыры өзі секілді сөйлей алмайтын,естімейтін. Бірақ көңілге сенім ұялатқан бір нәрсе – оның ата-анасы денініңсаулығы. Абырой болғанда, үміт алдамапты, Берік пен Жаннаның тұңғыш қызы Жәниясап-сау боп дүниеге келді (ұлы Мансұр да мылқау). Әрине, бұл айтып жеткізеалмайтын үлкен қуаныш. Себебі ата-анасы мен өзінен кейінгі бауырының айтаалмағанын сол айтып, қалыпты адамдармен арада дәнекер болып жүреді. Былайшаайтқанда, ерлі-зайыптылардың естір құлағы, сөйлер тілі – осы бір қаршадай қыздары.Бірақбұл нәрсетоғыз жасқажаңа толған бүлдіршінге ауыр жүк боп артылғаны анық. Өйткені…
Жәнияда балалық шақ болған жоқ. Ес білгелі ол ешқашан асыр салып ойнағанемес. Бала болып бұзықтық жасап немесе қатарластары секілді ата-анасына қиғылықсалып жылаған да емес. Күлуді тіпті ұмытып та қалған. Қашан көрсең, ботадайкөздері бұлт шалған аспандай мұңайып, жаутаңдаған жанарлары жасаурайды датұрады. Себебі туғалы көріп келе жатқаны тауқымет. Ата-анасын ешқандай жержұмысқа алмайды. Біліктілігі жетпейтін жерге олардың өздері де ұмтылмайды. Анасыкондитерлік тағамдар пісіретін курста оқыса, әкесі үй сылау, қабырға қалаудейсіз бе, құрылыс жағына келгенде алдына жан салмайтын шебер. Қала берді, аяқкиімжөндейтін, тіпті су жаңасын тіге алатын өнері де бар. Сондықтан дипломды қажететпейтін қарапайым цехтар мен мейрамхана, асхана, дүкен секілді талай жердіңесігін қағып, жұмыс сұрап барып, бәрінен тауы шағылып, табандары тозып қайтты.Айтатындары бір жауап: «Бізде мүгедектерге орын жоқ».
600мыңдай мүгедектің 12 пайызы ғана жұмыспен қамтылған
Жалғыз Берік пен Жанна емес, жалпы, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың басындағы жағдай осы. ЯғниМыңбаевтар секілді жандар елімізде аз емес. Ресми дерек бойынша Қазақстанда 563100 мүгедек адам тіркелсе, соның тек 12 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, АҚШ-та мүгедек жандардың – 38,Германияда – 41,6, Австралияда – 41,9, Канадада 56,3 пайызы жұмыс істейді.Солармен салыстырғанда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспенқамтылуы өте төмен көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті.
«Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының өкілі Татьяна Баклажановамүгедектер арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне себеп болатын факторлар көпекенін айтты.
– ҚР «Әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес, елімізде кез келген жұмысберуші қызметкерлерінің 3 пайызы мүгедектер болуын қадағалауы тиіс. Әйтсе де бізде көптеген кәсіпкерлер, жалпы,жұмыс берушілер арасында «егер мүгедектігі бар адамды жұмысқа алсам, көптегенпроблемаға кезігемін» деген пікір қалыптасып қалған. Яғни ондай адамдар көпауырады немесе біліктілігі төмен, жұмысты сапалы түрде атқара алмайды депесептейді. Бұл да мүгедектер үшін психологиялық кедергі. Сондықтан елімізде мүгедектігі бар жандарды жұмысқақабылдайтын жерлер өте аз, тіпті жоқтың қасы. Алда-жалда табыла қойған күнніңөзінде, жұмысқа орналасқан кемтар жандар ең бірінші кезекте қарапайым тосқауылдарға кез болады. Ол кедергілер –арбамен жүретін адамдар үшін арнайы пандустардың жоқтығы, көру қабілеті нашарнемесе мүлде көрмейтін адамдарға арналған жолдар мен жалпы мүгедектер үшінкомпьютерлік бағдарламалардың жоқтығы.
Момынның ақысы
Жалпы жағдай осындай, ал енді Мыңбаевтарға оралсақ, қарап жатып аштан өлеме, отағасы Берік Мыңбаев жекелеген адамдарға жалданып та көрді. Бірақөкініштісі сол – жұмысын істетіп алып, келіскен ақшасын бермеген жағдайлар жиіболған. Сонымен, сөздің қысқасы, Жәнияның жанұясы мүгедектіктері үшін алатынжәрдемақыға ғана тәуелді. Оның өзі мардымсыз, алған күні пәтерақы мен дүкенненалған азық-түліктің қарызын төлеуден артылмайды. Қазақта «Момынның ақысын адамжегенімен, Құдай жемейді» деген сөз бар. Қашанда мұндай жандарға жанашыр болыпжүретін журналистер қауымы ғой, «Алматы» телеарнасының «Шешімі бар»бағдарламасының ұйытқы болуымен Мыңбаевтар отбасы таяуда баспаналы болды. Қарғалыауылынан шағын үш бөлмелі үйді сыйлаған Айнұр Дәлелханқызы бастаған «Жақсылықжасаудан жарысайық» қоры. Әйтпесе осыған дейін олар біреудің тіпті терезесі де жоқбір бөлмелі үйін паналап келді. Сан мәрте пәтерақысын төлей алмай, даладақонған күндері де болды.
Әйтсе де біздің айтпағымыз бұл емес, әділетсіздіктің жайы. Жоғарыда айтыпкеткеніміздей, жай кездің өзінде жұмыс таппай отырған ерлі-зайыптылар індетсалдарынан жарияланған төтенше жағдай кезінде еліміз тарапынан ешқандай көмекалмаған. «Үйдің қасында үш бірдей дүкені бар көршіміз алып, нағыз мұқтаж бізала алмай отырғанымызға таңбыз» дейді олар. «Бұл да өткінші көмек қой, одан дакүйеуіме екі қолға бір жұмыс табылса-шы. Біз ешкімнен қайыр тілеп отырғанымызжоқ, оған намысымыз жібермейді, бірақ мүгедектігіміз үшін берілетін жәрдемақыеш нәрсеге жетпейді. Мейлі, қандай жұмыс болса да, біз бәрін істер едік», –дейді Жанна Мыңбаева.
Иә, тағдыр тумыстарынан осындай тағдыр жазған ерлі-зайыптылардың бар арманытым болмаса екі қолға бір жұмыс табу болса, олардың тұңғыштары, туғалы жым-жыртәлемде өсіп келе жатқан Жәнияның арманы тым басқа. Ол таңертеңқұстардың қалай сайрайтынын, жапырақтың сыбдырын, жаңбырдың тырсылын, тіпті көшедегікөліктердің шуына дейін ата-анасы мен бауырына тыңдатқысы келеді. Ол әкесінжұмыстан күтіп алып, анасымен алаңсыз сырласқысы келеді. Бауырына есепүйреткісі келеді. Бірақ, өкінішке қарай, Жәнияның бұл арманының орындалуыекіталай. Ал ата-анасының арманын орындау – сіз бен біз секілді жүрегі жылыжандар мен қолында билігі барлардың қолынан келетін іс. Әсіресе қасиеттіРамазан айында қайырымды істердің сауабы еселеп артатынын есте ұстайық.
Мәриям ӘБСАТТАР