Өңір

Жанжал үдеп барады

Қарағандыоблысында карантинде тұрмыстық жанжалдар көбейді. Бұл бұрын-соңды болмағанжағдай.

Jasalash.kz

От басы ошақ қасында кикілжің бола қалса, «ыдыс-аяқ сыңғырламайтұрмайды» деп, қазақы кеңпейілділікке салатынымыз бар.  Бірақ ондайға бас ие бермейтін кез келгенсыңайлы. Өйткені осындай отбасылық жанжалдың себеп-салдары алдымен бала жанынақатты батады.  Бұл сүреңсіз оқиғаларсәбидің жадында мәңгі сақталарын ересектердің ескере бермейтіні өкінішті. «Ұядане көрсең, ұшқанда соны ілесің»  дегендей,бала күнінде отбасында ұрыс-керісті көп көрген баланың өсе келе, өзі дезорлықшыл болып шықпасына кім кепіл?!

   Бүгінгі күнітұрмыстық зорлық-зомбылықтан көп жағдайда әйелдер мен балалар және зейнет жасындағықариялар зардап шегуде. «Тазы ашуын тырнадан алады» демекші,  көбінесе отағасылар карантин қиындықтарынашыдай алмай,  отбасындағы айқай-шукезінде  жұдырық ала жүгіруді әдеткеайналдыра бастады.

Карантинбасталғалы аймақта тұрмыстық деңгейде зорлық-зомбылық жасаған 133 адамәкімшіліктік жазаға тартылып,  қамауғаалынған. Тағы да 329 тұрғын уақытша қамауға алыныпты.  Бұл туралы облыстық полиция департаментінің жергіліктіполиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Арман Оразбаев: «Төтеншежағдай енгізілгеннен бері өңірде  қылмысжасау деңгейі азайғанымен, тұрмыстық құқық бұзушылық біршама көбейген. Барлықдеректер тексеріледі, көбінесе бұл жағдайдан әйелдер зардап шегуде. Жалпы,отбасындағы жанжал маскүнемдіктің кесірінен туындайды», – дейді.

Қарағандыдакарантин кезінде отбасынан жылу таппаған әйелдер  дағдарыс орталығын паналай бастапты.  Отбасында зорлық-зомбылық көбейген соң, өңірдегіполиция қызметі жәбір көрген жандар үшін құпия сөз ойлап тапқан. Олар 102нөміріне қоңырау шалып, «Парацетамол бар ма?»  деп сұраса болғаны, бұл сөздіңмәнін мамандар бірден түсінеді. Мекенжайды сұрап, іле-шала полиция қызметі көмеккежіберіледі. Өңірде тұрмыстық жанжал көбейген соң, алты қалада мемлекет тарапынанарнайы қаржы бөлінген дағдарыс орталықтары жұмыс істейтін болады. Алпсихологтар  отбасындағы кикілжіңнің жиіорын алуына жұмыссыздық, маскүнемдік, карантин жағдайында әрі адамның ұзақуақытқа оқшаулануы кері әсерін тигізеді деп пайымдайды.

  Арайлым ЕРКЕБАЕВА

    Қарағанды облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега