Әлеумет

Жақсылық Омардың мектеп формасы көпбалалы аналарға ұнаған жоқ

Еліміздегікөпбалалы аналардың ашуы көпке дейін тарқамайтын сыңайлы. Өйткені, Өскемендебүгін тағы да бір топ ана жиналып, наразылықтарын білдірді.

Jasalash.kz

Көкейлерін кернегенсұрақ көп. Бірақ, өкінішке қарай нақты жауап жоқ.

Бүгінгіжиналған ата-аналардың бірінші айтқаны, мемлекеттен тегін берілетін мектепформасы болды. Сөздерінше, талапқа сай дәл сондай киімді базардан алса арзан,әрі сапалы болмақ екен. Ал қазынадан қыруар қаржы жұмсалып, арнайы тіктіріліпжатқан форма қала әкімі Жақсылық ОМАРҒА ұнапты. Мұны естіген ата-аналар: — киімді кім киеді? – деп, аң-таң.

Мен мектептеберіліп жатқан киімнің үстінен түстім. Көп аналар сапасына наразы болды. Қолымаұстап көріп едім, өте нашар. Сонда біреулер қала әкімі Жақсылық Омарға ұнадыдейді. Ал, неге әкімге ұнауы керек? Сонда әкімге ұнаса болды, сапасы жақсы ма,жаман ба қарамай ала беруіміз керек па? Баланы киіндіретін біз ғой. Ол киімдікиіп жүретін біздің баламыз ғой. Әкім оны кимейді ғойдейді, көп балалы ана  ГүлжамалБІЛШІБЕКОВА.

Мінеосылай деген өзге де аналар баласын киіндірудің бас ауруға айналғанын айтыпотыр. Берілетін киімнің сапасы өте нашар, киюге жарамайды. Бұлай боларын сездіме әйтеуір белгісіз, кездесуге келген білім саласының қызметкерлері киімнің бірүлгісін қолтықтай келіпті. Жағдай мүлдем басқаша деді. Бірақ мұны естігенаналар бұл форманы бірінші рет көріп тұрғандарын айтып, бастарын шайқады. Талайуақыттан бері тығырыққа тірелгенін тағы да айтқан ГҮЛЖАМАЛ БІЛШІБЕКОВА: - сапасы жоқ болған соң бұл киімдерден аналардың бәрі бас тартып жатыр. Алмайды.Тегін берсе де алмаймыз. Не керегі бар? Қаншама киім бердік деп, жар салатынбіреулердің есебі үшін бе? Ал бізге бағанағы білім беру бөлімінің қызметкерлеріалып келіп көрсеткен формасы ол мүлдем басқа. Оның сапасы әлдеқайда жақсы. Олбылтырғы жылы берілген киімдердің бірі екен. Ол кезде жағдай мүлдем бөлекболғанын бәріңіз білесіздердеді.

Қалалықбілім бөлімінің қызметкерлері киім тігуші біреу болғанымен әр мектеп өздерініңүлгісі бойынша тапсырыс бергенін айтып ақталды. Ешбір форма әлі таратылмады – деді.Сапасына қатысты айтылған сынмен де келіскілері жоқ. Бірақ, барып көреміздегеннен аспады.

— Сапасы жақсы. Енді тағы да сондай мәселе шығып жатса, мектептер бізгешағым түсірсе, сонда біз сол мектепке барып, сапасын барып қарап көреміз– дейді, Өскемен қалалық білім беру бөлімінің әдіскері СалтанатРЫСБЕКОВА.

Ашынған аналар мектептеберілетін тамақ мәселесін де көтерді. Тіпті тенге түгілі тиын да жинауғаболмайды деген білім министрінің сөзін ешкім елемейді – деді. Жылда жиналатынақша биыл да қайталанды деп отыр.

— Менің өзімнен 2000 теңге алған. Әр балаға деп сұрады. Бірінші сыныптыңата-аналарынан осындай қарсылық болғаннан соң, қандай арызға қол қойдыңдар? Қаңғығананаларға неге ересіңдер – деді. Сендерді білім бөліміне шақыртамыз. Қолдарыңнанқол хат жазғызып аламыз деп, мұғалімдер телефон шалып қорқытқан. Осы секілді бопсаларжасады – дейді,көп балалы ана Тұрсынай БАЙБАЛЫҚ.

Тағы бір мәселе. Өскеменде 19 тамызданбастап орталық алаңда өткізіліп жатқан жәрмеңкеде ешқандай жеңілдік жоқ екен.Жалпы ата-аналар есеп үшін болмаса, ендеше оның қажеті қанша – дегенді,журналистерге күйіне жеткізді.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега