Баған

Жәркен Бөдеш: Өлеңге сүйеніп өстім, өлеңге сүйеніп өлемін

Екі-үш жыл бұрын барғанмын. «Құлагер» ықшамауданындағы көк түсті үйлердің қайсысы ақын үйі деп арлы-берлі жүрдім.

Jasalash.kz

Ақынға телефон шалсам, тұтқаның ар жағында ғыр-ғыр еткен дауыстан ештеңе естілмейді. Байланыс нашар сияқты. Алты деп жатқанын әрең түсіндім. Алтыншы үй. Ары қарай, өзі айтпақшы, мидай жазық. Өзі балконға шығып тұр.

Үйге кірдім. Бір бөлмеде өзі оқып болған кітаптар ретсіз жатыр. Жалғызекен. Екі-үш күн бұрын ғана бір арнаның журналистері сұхбат алғанға ұқсайды.Көңіл күйі жақсы. Әңгімеміз бірден басталып кетеді деп ойлаған жоқпын.

***

— Арғы бетте мені танитын, ментанитын ешкім қалған жоқ. Бірінің артынан бірі бауырларым кетті. Қазір мынауЖәркен деп айтпаса, мені біреу танымайды. Қазір маған баруға да болмайды. Шулатыпкелген адаммын ғой.

— Соңғы рет қашан бардыңыз?

— Сексенінші жылдары бір топқаламгер бардық. Осындағы ақын-жазушылардың шығармалары сол жақта басылды. Солкезде бардық.  

Бері қай жылы өтіп едіңіз?

— Жетпісінші жылдың басындакелдім.

Әке-шешеңіз сонда қалды ма?

— Иә, мен осы жақта жүргендеқайтыс болды.

Неге өзіңіз ғана өттіңіз?

— Әкемнің тілін алдым. Ол кездеҚытайда мәдениет төңкерісі деген болды. Ақын-жазушылардың бәрі айдалды. Меніңәдебиетке жақындығымды білетін әкем: «Менің тілімді ал. Атажұртты тап. Кетіпқалмасаң, сенің көзіңді жойып жібереді», – деді. Содан мені Жабақ дейтін кісігетапсырды. Сонымен, бері қарай өтіп кеттік.

Жабақ осы жақта туып-өскен кісі.Семіз атына төрт-бес кісі мінгестік. Әлімғазы Дәулетхан бар. Жолда тағы адамдарқосылды. Шекараға келгенде төбемізден қалықтап ұшақтар келді. Алдымыздан қарсыалғандар: «Қорықпаңыздар, біз сіздерді ешқандай қылмыскер деп есептемейміз. Өзелдеріңізге келдіңіздер. Туысы барлардың туысы алып кетеді. Туысы жоқтарКөкшетау деген керемет жер бар. Сол жаққа жібереміз», – деді.

— Сіз Көкшетауға кеттіңіз ғой? Ол жақта қанша уақыт болдыңыз?

— Иә. Онда екі жыл болдым.

— Қой бақтыңыз ба?

— «Қой бағып жүр дегенше,

Ой бағып жүр дегейсің.

Қойны-қонышын өлеңге,

Қойма ғып жүр дегейсің.

Қойға кетті дегенше,

Ойға кетті дегейсің.

Өлең дейтін бір елге,

Тойға кетті дегейсің», депҚабдешке хат жазған кезім сол ғой. Сонда ол кісі Алматыда комитетте істейдіекен. Жұмекен екеуі. Ең алдымен Жұмекенмен таныстырды, содан кейін Жұмекен меніТахауиға алып барды. Өлеңдерімді оқып бердім. Жұмекен маған жұмыс сұрады. Тахаңөлеңімді тыңдап болып, азырақ мақтап: «Ертең Қоғалыға картошка теруге бір топқыз жіберуші едім. Соның бастығы болып бар», – деп қойды. Маған бәрібір емесме?! Бойдақ адаммын. Соған кеттім. Жақсылап істеп, олардан мақтау қағаз алып,Тахауиға әкеп бердім. Ары қарай бәрі қолдап кетті. Мұзафар Әлімбаев алғаш болыпөлеңдеріме пікір жазды. Марқұм Оразақын Асқар бастығым болды. Үлкен кітапдүкені. Барлық дүние сонда бар. Жатып оқыдым, жұмыс істедім.

— Көкшетауда қой бағып жүргендеелді сағынасыз. Жерді аңсайсыз. «Ұқсайсың меніменен бір туғанға» деп басталатынөлеңіңіз сол кезде жазылыпты ғой...

— Иә, елді сағынып жүргендежазылған өлең. Көкшетауда жүргенде арғы беттен бір жігіт келді деп естідім.Көрші қыстақ. Бір-екі күн барып, көре алмай кеттім. Содан бір күні осындайжерде, осындай кісінің үйінде отыр дегенді естіп барсам, тура менімен біртуғандай, бауырымдай бір жігіт отыр. Өзі елден шалғайға кетсең, ұзақ уақыткөрмеген, бір ауылда бірге жүрсең қадірі болмайтын адамның өзі асқақтап кетедіемес пе?! Тура солай әлгі жігіт өз бауырымдай көрінді. Сол кезде жазған өлеңғой.

Ұқсайсың меніменен бір туғанға,

Ұқсайды мінез-құлқың,түр-тұлғаң да.

Анамның саусағының табы түскен,

Ағатай, жан қалтаңда құртың барма?

Кейін соған Қайрат Сейітқазиндеген жігіт ән жазыпты. Менімен бір ауылда туған. Сол жақта басылғанөлеңдерімнің ішінен көрсе керек.

— Қазақстанға келгеннен кейінқанша жылдан соң елге бардыңыз?

— Он шақты жылдан кейін бардым.Ол кезде әлі Кеңес өкіметі бар. Заң қатал. Паспортың болса, баратын жеріңшақыртса кез келген елге шыға бересің. Мені інім шақыртты. Сол шақыру бойыншабардым.

Шекарадан кезек бойыншашақыртып өткізеді. Оның алдында паспортты алып, тексеретін болуы керек. Меналғашқы болып өткізгем, бірақ мені шақырмады. Әлі күтіп отырмын. Жоқ. Жұрттыңбәрі өтіп кетті. Ең соңында мен қалдым. Бітті, мені өткізбейді деп ойладым.Сонша жыл сарғайып күтіп, зарығып тосып жүргенде тура туған елімніңтабалдырығына келіп тұрып қайтып кетсем, маңдайымды тасқа ұрғандай болар едім.Жаным ауырып кетті. Бір кезде мені шақырды. Бәрі жақсы деп өткізіп жіберді.Сөйтсем, менің паспортым бір қуысқа түсіп кеткен бе, әлде ең астында қалыпқойған ба, сондай бірдеңе. Содан ары өткен соң, машинаға салды да, алып кетті.

«Дертіңнен кеттім жауыр боп,Жәйірдан басқа жауым жоқ» деп жаздым ғой. Сол «жауыма» барып бас ұрдым.Тізерледім. Жеңілдім. Мен өмірден бір нәрседен жеңілген болсам, ол сағыныштанжеңілдім. Адам сағынғанда сол аңсаған дүниесіне жетіп, мауқын, сағынышынбасады. Мен олай істей алмадым. Қазір де жете алмай отырмын. Сол сағынышымнанжеңіліп, Жәйір жауым болды. Дертім жауыр болды. Дүниеде кіндік қаның тамғанжерді аңсағанда соған жете алмай боздаудан ауыр қасіретті мен білмеймін.

Тіпті менің Жәйір туралыөлеңдерім туған жер шекарасынан асып, туған ел, Отан туралы реңдерге ие болды.Жәйір арқылы күллі қазақ даласын жырладым десем де болады. Бірақ соның бәріменің сағынышыма дәру бола алған жоқ. Жүрегімнің бір түкпірінде қатқан шемен сол.

— Шекарадан өткенде кім күтіпалды сол кезде? Қайда апарды?

— Елдің бір жігіті күтіп алды.Үрімжіге апарды. Бұрын оқыған жерім. Шыңжаң университетінің тіл-әдебиетфакультетін бітіргем. Ол жерде жолдас-жора бар, соларды көріп, содан кейінауылға тарттық.

Ауылдың әр нәрсесінсағынғанмын. Иісін, түтінін, суын, тамағын. Әңгімесін. Дастархан басындағысөйлеп отырған әр адамның аузынан шыққан сөзді желге қақтырмай қағып алғым кепотырды. Ондай сағынышпен барған адам көсіліп сөйлеуі мүмкін емес екен. Ықылас кереметболды. Мен тек сол ыстық ықыласқа майдай еріп қана отырдым.

Серік Қапшықбай деген ағамызболды. Сол кісі менің орта мектептегі оқытушым еді. Бөлек Иманбатыр деген ұстазболды. Сондай көп кісінің ортасында өлеңге құмартып отырдым. Жалпы, менің балакезімдегі өлеңге құштарлығымды осы кісілер оятқан шығар. Омарғазы Айтан дегенүлкен ақын өткен. Маған нағашы болып келеді.

— Омарғазыны көрдіңіз бе?

— Көрдім. Менің әкем әдебиетшіекенімді біледі. Бір күні қос атпен, төте жолмен Қарамайды басып, Үрімжігебарған. Омарғазы сонда «Шұғыла» журналының бас редакторы. Шет жақта бір кіші үйбар екен, соған аттарды байлатып қойып, Омарғазының үйіне барып, неше күнәңгімелескен. Сонда мен үшін Омарғазыдан ақыл-кеңес сұраған. Көрдің бе, әкедегеннің қандай екенін?! «Осы өнерді тастама. Бастық боларсың, болмассың. Бірақатажұртқа бар, қаламнан айырылма» деді. Мен соны орындадым.

— Кейін елге барғаныңыздабасына бардыңыз ғой...

Иә, әке-шешемніңбасына барып, дұға оқыдым. Топырағын құшақтап жыладам, бетіме бастым. Бәлкім,менің сағынышымның «жауыма» айналғаны, Жәйірдің «дұшпаным» болғаны осы ата-анаөлімінен кейін шығар. Әкем мектеп директоры болған адам еді. Сауатты,зиялы-тұғын. Көп газет-журналды оқып беретін, оқытатын. Тек қана әке емес,өмірлік бағытымды, тағдырымды айқындап берген тұлғам, ұстазым болды. Солқайтқанда топырақ сала алмаған басым етегіне жас толып, еңіреп, тасын құшақтапжатты.

Сол жолы Дәм деген өзенді, өзікүркіреп ағып жатады, қиып өттім. Өркештеніп тасып жатқан еді. Жайшылықта олөзенді жүзу мүмкін емес. Мен сондай алып сағынышыммен асау өзеннің өзінбауырымдап бас салсам керек.

— Одан бері неше жыл өтті, ә?

Көп өтті ғой. Анаукүні жақсы көретін жігіттер шекараға апарды. «Біз көмектесейік, сіз барыпкеліңіз» деді. Бардық. Шекарада да адам құсаған жігіттер бар екен. Маған «Сіздібілеміз. Сізге арғы бетке болмайды. Ұстап кетеді» деді. Алматыны бетке алып,кейін қайттық қой, баяғы.

— Қазір де сағынып, елегізіп отырасыз ба?

Маған қазір Алматыыстық. Жәйірді сағынамын, әрине. Бірақ қазір ол ойымда ғана қалды. Жүректегібарлық сезімді Алматы басты. Өйткені осы жерде үйлендім, бала көрдім, немересүйдім. Тұңғыш балам үйленбекші болып, сөйткен кезде тойға өңшең жойыттардышақырыпты. Бала үйленді, енді той жасау керек. Амалсыз «Тастақтағы» үйімді сатып,соның ақшасына той жасадық. Оған менің арманым жоқ. Әрине,қарызданып-қауғаландық. Бірақ сол үй құтты болған. «Сол үйден кетпеуің керекеді» деп менің біраз ағаларым ренжіді. Сенің ең керемет үйің сол еді деген.

«Тастақтағы» сол үй шыныменкеремет болатын. Мына жағында дүкен, мына жағы базар. Балаларымның өсіп-өнгенжері ғой. Қазір солардың баяғыда ойнап жүрген кезі көз алдыңа елестегенде неайтарыңды білмей қаласың…

***

Сол кезде ақынның телефоны шырылдады.Ар жақта халын сұрап, жағдайын біліп жатқан әйел адамның даусы. Сірә, апамызболса керек. «Кешке келесің ғой. Сонда сөйлесеміз» деді.

Қарт адамдарға әлдекімдерхабарласып халын сұраса, көңілденіп, жақсы болып қалатын әдет бар. Жәркен десөйтті. Адамға біреу сен үшін алаңдап тұрса, ол да ­­қуаныш қой.

***

Алаңдайды. Кешеаяғым тартылып қалды. Отырған жерімнен не телефонға қолым жетпейді. Тіземенжүре алмаймын. Е, келіп қалған екен деп ойладым. Сөйтсем, уақытша жағдай екен.Кейін жақсы болды. Бір жігіттер екі таяқ әкеп береміз, екі жағыңызға сүйеніп,аяққа салмақ салмаңыз дейді. «Өлеңге сүйеніп өстім, өлеңге сүйеніп өлемін»дедім. Сенен жасыратын түк те жоқ.

— Қанша балаңыз бар?

Екі балам болды.Айбын, Айдар дейтін. Айдар деген ұлым қайтыс болып кетті. Айбын ғана қалды.Одан екі немере сүйдім. Абылай, Альбина дейтін. Біреуі он бесте, біреуі онүште. Олар көрші тұратын. Қазір ажырасып кетті, бөлек тұрады. Құдай бұйыртса,бір күні барамын. Туған күндерін білемін. Жақсылап отырамыз. Келін жақсы, гәпжоқ. Балалар менің атымда.

Одаққа барсам, бәрі жамырапкөмектеседі. Қалтамды алмаға толтырып барамын. Балаларды көргенде жылағыңкеледі.

— Балаңыз үйленейін деп жүр ме?

Үйленгелі жүр,қырықтан асты.

Қайтқан балаңыз шаңырақ көтеріпүлгермеді ме?

Үйленемін деп,қызын әкеліп таныстырған. Үлгермеді. Сөйтсем, ауырады екен. Оны бізге айтпайды.Жазылып кетем деп жүреді екен. Таза өзінің ауруымен кетті. Ешқандай сөз жоқ.Керемет сұлу, жақсы бала болатын. Қыздар бірінен кейін бірі ғашық боп жүретін(күліп). Кітап палатасына өзім ертіп барып жұмысқа тұрғызғанмын. Менімен біргежұмыс істеді.

Кезінде «Простор» журналындаИван Шухов деген кісі жұмыс істеді. Соғысқа қатысқан, шетте жүрген.Қартайғанында ешкімге көрсетпей кішкене ғана бөтелкеге құйып алып, қалтасына салыпқояды екен. Ешкім жоқ кезде теріс бұрылып, бір ұрттап қояды. Ешкім білмейді.Бір күні оны Ғафу жарықтық көріп қойған ғой.

«Иван Шухов дегенің мына кісі,

Қалтада сылдырлайды флягісі.

Жасырып ішкен кезде сол арақты

Адамның келеді екен жылағысы», –деп әзіл өлең айтыпты. Сондай «адам жылататын әдет» бізде де бар.

… Бір күні мұнда балкон ашықтұр. Сырттан дауыс ап-анық естіліп тұр. бір-екі адам, өзім жақын дейтін, «президентшілақын жоқ боп кетті ғой» деп өсек айтып тұр. Сондай сөздерді естіп отырған соң,сыртқа да шыққың келмейді. Мен бәлендей президентшіл ақын емеспін. Біраққұрметтеймін. Бір емес, бірнеше мәрте президент стипендиясын алдым. ЖақындаМахамбет атындағы сыйлықты алдым.

— Құтты болсын! Ақшасы бар маекен? Біздің көп сыйлықтардың ақшасы жоқ не аз ғой.

Бес мыңға жуық ақшасыбар.

— Жақсы екен. Енді тағы Мемлекеттіксыйлыққа түсесіз бе?

- Жоқ, түспеймін.Менен жас жігіттер алып жатыр. Соларға даусымды бердім осы жерде. Енді мағаноның атағының түк қажеті жоқ. Бізге сол ақшасы керек. Дәрі-дәрмектің өзіқымбат. Қазір жастарға орын беріп жатырмыз. Бірақ кей ағаларымды менің өзімтүсінбеймін. Бәріміз де қартайдық. Қабдеш аға президенттің қабылдауында болдығой. Онда не сөйлегенін тыңдадың ғой. Жә, жарайды. Жаман емес. Ол кісініңеңбегін бағалады деп іштей риза болдым. Кейін: «Қабеке, ана кісі кетіп қалдығой. Енді қалай болады?» – десем, «Қашанғы отырады?! Отыз жыл отырыпты. Ендібала-шағасы бар, солармен отырсын», – дейді. Дұрыс, Қабдеш ақылды адам ғой.

***

«Темекі тартып алайын» депбалконға шықты. Кітаптарының тұсынан өтіп бара жатырмыз. «Қалағаныңды ал»дейді. Байрон, Пушкин, Тұманбай… Тағы біраз ақын. Қайсысын алсам екен депойлап тұрмын. Бірақ айнып қалдым...

***

— Бұл барлық кітабыңыз емес қой?

Бұл оқығанкітаптарым. Гүлшаттың апасының үйі бар. Үлкен. Сонда бір залы тұтас менің кітабым.

Мынау суретте – әкем.(Сақал-мұрты келіскен, қоңыр кісі). Абылай хан деген мына кісі. Мынау оның ақордасы (күліп). (Немересінің суреті тұр. Жанында ойыншық киіз үй).

— Сағынған шығарсыз бұкісілерді?

Әкемді десағына-сағына суалдым. Немерелерімді сағынғанда қандай?! Дүниенің ендігі қызығысоларда, соларға қалып барады.

***

Балконға шығып, шылымын асықпайсорғыштап отырды. Бүр жара бастаған ағаштарды айтсам, олардың көк түтінненауыра бастағанын айтады. Кештеу көгеретін көрінеді.

Есік алдындағы сауда үйінайтсам, оның балалардың ойнауына кедергі келтіріп тұрғанын айтады.

Жасының енді 74-ке келгенін,Әбдіжәміл ақсақалдың жасына дейін әлі біраз жыл барын айтсам, жүрегін, тұрмысынайтады.

Мен әр ненің сыртын ғана айтадыекем. Ақын дүниенің тек ішіне үңіледі. Бұрыннан солай ма, қарттықпен пайдаболған қасиет пе, мен білмеймін.

Енді не сұрасам да, орынсызболардай көрінді. Біткен темекінің желмен ұшып жатқан күлі мен тұқылын езеөшіріп жатқан ақын жүзіне қадалып қалыппын.

Әңгімелескен Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Фото: massaget.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега