Оқиғалар

Жаркентте той кортедін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Жаркентте полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған үйлену тойы кортежінің қатысушыларын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: полиция

Анықталғандай, мерекелік іс-шара барысында бірнеше автокөлік жүргізушісі жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасаған. Сонымен қатар көліктердің біріне тиісті рұқсатсыз арнайы дыбыс сигналын беретін құрылғы орнатылған.

Кортеждің жекелеген қатысушылары тыныштықты бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сайт Әкімшілігі