Саясат

Жармахан Тұяқбай партия басшылығынан кетті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының лидеріЖармахан ТҰЯҚБАЯ партия басшылығынан кетті.

Jasalash.kz

Саяси ұйымның басшысы да, аты дажаңарды. Ендігі «Ақиқат» ЖСДП-ның төрағасы Ермұрат БАПИ.

9 маусым күнгі президенттік сайлауға бойкот жариялағанпартия жаңа басшысын сайлап алды. Партияның XIV съезінде көпшіліктің дауысыменбелгілі журналист, «Дат» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи сайланды.

22 сәуір күні партияның саяси кеңесі Ермұрат Бапидыалдағы сайлауға кандидат ретінде ұсынған еді.

Партияның негізін қалаушы Жармахан АЙТБАЙҰЛЫ саяси ұйымға 13 жыл жетекшілік етті. ҚР Бас прокурор, Мәжіліс төрағасы сынды лауазымды қызметтерді атқарған. 2005 жылғы президенттік сайлауға түсіп екінші орын алған болатын.

Фото: ozodlik

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега