Баған

Жармахан Тұяқбай: Сайлауға түсу-түспеуге шешім қабылдадым

ЖСДП ортақ үміткерді қолдауға дайын Елімізде ресми тіркелген жалғыз оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президент сайлауына қатыса ма?

Jasalash.kz

Елдегі демократиялық көзқарастағы тұлғалар бірігіп, сайлауға ортақ үміткер ұсына ала ма? Осы және басқа сұрақтарды ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбайға қойып көрдік.

Билік транзиті басталған жоқ

Жармахан Айтбайұлы, әңгімемізді  ең алдымен елдегі соңғы саяси оқиғалардан бастасақ. Жалпы, Н.Назарбаевтың қызметінен өз еркімен кетуін билік транзитінің басы деуге бола ма? 

– Жалпы, биліктің ауысуы– күн тәртібінде кемінде 10 жылдан бері тұрған мәселе.Билік қашан ауысып, елде оң өзгерістер басталады, елдің пікірімен санасатын, әділеттілікпен демократия орнататын билікке  деген талаптың туындағаны қашан! Дей тұрғанменбұл «баяғы жартас – сол жартас» күйіндеқалып келеді. Сондықтан бүгін билік транзиті басталды дегенге күмәнім бар. Меніңше,билік транзиті басталған жоқ. Бүгінгі авторитарлықбилік жүйесі мимикрия жасап, өңін өзгертіп, баяғы сол авторитарлық жүйенісақтау бағытында көзбояу әрекеттер жасап жатыр деп ойлаймын. Неге десеңіз,мынаны қараңыз: бірінші президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін күшейтетін Қауіпсіздіккеңесі мен билік партиясын басқаруы, Конституциялық Кеңестің мүшесі болуы, оныңүстіне бірінші президенттің шексіз өкілеттігі тағы бар, осының бәрі,айналып келгенде, билік сол баяғы қаз-қалпында оның өз қолында қалғанын көрсетеді.Сондықтан бұл – халықты алдау үшін жасалған, ақылға қонбайтын өзгерістер.Біріншіден, Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтаттым деп,  орнына Тоқаевтытағайындады. Ал тағайындалған адамның ешқандай құқығы жоқ, бірінші президент недеді екен деп жалтаңдап, соның жанында көмекші ретінде отыр. Бұл билік ешкімніңқолынан ауысқан жоқ, Назарбаевтың қолында қалды дегенді әйгіледі. 

      Екінші жағынан,Назарбаевтың өзі «сайлаууақтылы өтеді, кезектен тыс сайлау болмайды» деп сендірді. Ал қазір не болып жатыр?Бір ай өтпей жатып мерзімінен бұрын сайлау жарияланды. Сонда бізде Конституциябар ма, өзі, жоқ па? Әлде бір адамның өзі Конституция ма? Сондықтан транзитбасталды, бұл өзгерістерге әкеледі деп айта алмаймын. 

Олай болса, бұл көзбояушылық не үшін жасалып жатыр?

– Бұл – реформалар жасамай,авторитарлық басқару принциптері, авторитарлықбилік жүйесін сақтап қалуды мақсат ететін әрекеттер. Өңін өзгертіп, ішкі мазмұнынтаз қалпында қалдырудың түрі. 

Оған қандай себеп түрткі болды?

– Біріншіден, Назарбаев 30жыл ел басқарды. Екіншіден, адам да тозады. Мәңгі еш нәрсе жоқ, сондықтан ақылыбар адам ертеңгі күнін ойлайды. Сондықтан Назарбаев өзі осындай шешімге келдідеп ойлаймын.

Назарбаев кезектен тыс сайлау болмайды деп уәде етсе де, президент өкілеттігін қабылдап алғанына небәрі 20 күн өткенде Тоқаев елде кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеді. Сіздің ойыңызша, асығыс сайлаудың себебі не?

 Бұл жерден ешқандайастар іздеудің қажеті жоқ. Себебі сайлаудың қалай өтетіні белгілі. Жергілікті әкімдерсайлау комиссияларына тек өзінің нұсқауларын бұлжытпай орындауға мәжбүрадамдарды кіргізген. Олардың арасында тәуелсіз азаматты таба алмайсың.Мәселен, ЖСДП партиясының бірде-бірөкілі олардың құрамында жоқ.  Осының бәрі бұл қолбала сайлау екенін аңғартады.Сондықтан сайлауды бүгін жарияласа да, ертең жарияласа да, одан ештеңе өзгермейді.Сайлау 2004 жылдан бері қалай әділетсіз өтіп келе жатса, солай өте бермек. Өйткеніоған қарсы тұратын күш жоқ. Халықта ынта, үміт жоқ деп айта алмаймын, бірақ солүмітті күннен-күнге өшіріп жатыр. Мәселен, митинг өткізу былай тұрсын, жай ғанаәлеуметтік желіде пікір жазғаның үшін сотталып кетесің. Осылайша халықты жауапқатартылып кетемін-ау деген  үрей, қорқыныш билеп кетті. 

     Қазір әлеуметтікжеліде ертеңгі күні Тоқаевты сайлап алып, ол жарты жылдан кейін «денсаулығым жарамайды» деп биліктен кетіп, орнына сенат төрайымыДариға Назарбаева уақытша президент болып тағайындалып кетпей ме деген болжамайтылып жатыр. Олай да болуы мүмкін. Десек те, қандай да бір болжам жасап,оны тап басып айту мүмкін емес.

Дариға Назарбаеваның сенат спикері болып сайлануының астарында не жатыр сонда?

– Елді 30 жыл бойы басқарып,билік жүйесін өзіне толыққанды бейімдеген бірінші президент кетіп жатқанда, онықандай да бір кездейсоқ қауіп-қатерден сақтап қалуды басты мақсат етіпотыр.  Сол себепті биліктің шешуші тетіктеріне өзіне толық берілгеніне күмәніжоқ адамдарды қоюда.  Соның бірі – Тоқаев. Ал ертең оған бірдеңе бола қалса, екінші сенімдіадамы дайын тұр. Бүгінгі билік жүйесін қанша жерден мызғымас, беріккоманда деп есептесек те, оның ішінде жоғарғы билікке дәмесі бар, бірақ онысынашық айтпай жасырып жүрген тұлғалар аз емес. Меніңше, бұл солардан сақтану үшінжасалған әрекет. 

Бірақ Дариға Назарбаеваның сенат спикеріне баруы болашақта елдегі билік отбасылық жолмен ауысады деген пікір қалыптастырмай ма?

– Әрине, билікті әкеденбалаға, баладан немереге ауыстыру – диктаторлардың ең үлкенармандарының бірі. Бірақ оның іске асуы тек қана  халық емес,билік топтарында жүрген ықпалды топтар келісіміне байланысты. Егер келіспей қалса,ол жоспары ғана емес, өзінің де тағдыры быт-шыт болуы мүмкін. Көбінесебилікті отбасылық жолмен беруден қаймығудың себебі содан. Билікті балама немесенемереме тастап кетемін деген адамдар ертеңгі күні одан өздері опық жеп жатады.Осы себепті бұл қауіпті нәрсе әрі биліктегі топтар бұған келіспейді депойлаймын. 

ЖСДП сайлауға дайын ба?

Билік сайлауды қашан өткізетінін өзі шешеді, одан астар іздемеу керек дедіңіз. Бірақ ерте сайлау дайындыққа аз уақыт қалдырып, өзге саяси күштерге біраз қиындық тудырады. ЖСДП алдағы президент сайлауына дайын ба?

–  Бұлсайлауға қатысу-қатыспау біз үшін дилемма. Неге десеңіз, біріншіден, саяси күшболған соң, қандай да бір саяси науқанға қатысуға міндетті. Себебі сайлауалдынауқаны халықпен кездесіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өз көзқарасымызды,бағдарламамызды дауыс берушілерге жеткізуге жақсы мүмкіндік. Десек те, біз сайлауға қатыссақ та, жеңістібәрібір бізге бермейді, халық бізге дауыс берсе де, оны бұрмалап, дауысбермегендей етіп шығарады. Сонда біз сайқымазақ сайлауғақатысып, оны заңдастыруға үлес қосамыз ба деген уәж де жоқ емес. 

      Ал кезектен тыссайлауға келсек, әрине, қандай саяси күш болсын оған сақадай сай дайын тұру мүмкінемес. Өйткені сайлау үлкен қаржы, адам ресурстарын талап етеді. Оған күнделіктідайын болу мүмкін емес. Сондықтан заңда «сайлау бес жылда бір өтеді» деп құр бекер жазылмаған. Бұл саяси күштероған алдын ала қамданып дайындалсын, бағдарламасын түзсін, барлық саяси күштеркелесі сайлауға тең мүмкіндікпен келсін деген қисынмен жазылған. Ал бүгіндеондай тең мүмкіндік жасалып отыр ма? Айналып келгенде, сайлауға тек биліктің «Нұр Отан» партиясы мен онымен ымыралас қуыршақпартиялар дайын. Алдағы президент сайлауына ЖСДП толыққанды дайын емес депайта алмаймын. Жоғарыда айтып өткенімдей,  қатысу-қатыспау дилеммасыныңалдында тұрмыз. 

2005 жылғы президент сайлауында елдегі барлық демократиялық күштер «Әділетті Қазақстан» қозғалысына бірігіп, ортақ кандидат етіп сізді ұсынғаны белгілі. Осы сайлауда демократиялық көзқарасты ұстанатын азаматтар бірігіп, ортақ кандидат ұсына ала ма?

– 2005 жыл мен қазіргі уақыттағы оппозициялық күштердің жағдайын салыстыру мүмкін емес. 2005 жылы елдің болашағы үшін күресуге дайын тұлғалардың саны да, сапасы да анағұрлым жоғары болды. Ол кезде «тап бүгін билік ауысып, билікке оппозиция келетін болса, үкіметке балама болатын құрамы бар ма?» деген сұраққа ойланбастан «бар» деп жауап беруге болатын. Бірақ биліктің соңғы 14 жыл ішінде оппозициялық алаңды тазалап, оппозициялық саясаткерлерді қудалады, көзін жойды, қорқытып-үркітті. Кей саясаткерлер шаршағаннан, үміті үзілгенінен өздері кетіп қалды. Сондықтан, әрине, бүгін 2005 жылдағыдай ұйымдасқан оппозициялық күш бар деп айта алмаймын. Оппозициялық алаңда ынтымақ-бірлік аз. Бұл – бір. Екіншіден, 14 жыл ішінде әбден қудалау көріп, шаршаған оппозиция, бір жағынан, билікке ызалы болса, екінші жағынан, оппозицияның ішінде жүрген тұлғалар бір-біріне ызалы. Неге? Жеңіске жете алмағандықтан, күрес нәтиже бермегендіктен, ішін ашу-ыза кернеген. Сөйтіп, бүгінгі оппозиция өкілдерінің біразы бір-бірімен күресіп, жамандап, кінә іздеуге көшкен. Әлеуметтік желіні оқып көріңізші, бір адам мына саясаткер балама үміткер ретінде сайлауға қатысуға лайық азамат, осыны қолдау керек десе, жүз адам оған қарсы шығады. Сондықтан барлық оппозициялық күштердің басын қосып, ішімізден осы шықсын деген келісімге келу басты мақсат болса да, мұның іске асатынына үмітім аз. 

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин «Азаттық» радиосына берген сұхбатында да оппозициялық күштердің ортақ кандидат шығара алатынына күмән келтіріпті. Сөзінен ұққанымыз, ол ЖСДП-ны нағыз оппозициялық партия деп есептемейді, сол себепті бірігіп, ортақ кандидат шығарғысы жоқ. Осы жерде мынандай сұрақ туындайды. 2005 жылы біріге алған әртүрлі демократиялық күштер неге қазір, керісінше, бір-бірін айыптап, күйе жағумен айналысып кетті?

– Жоғарыда айтып өткенімдей,күрестен нәтиже шықпаған жерде кінәні бір-бірінен іздеу басталады. Өз басым ментуралы қанша жерден былапыт, өсек-аяң айтылса да, оппозиция ішінде жүрген тұлғалардыңешқайсысын жамандағым келмейді. Әрқайсысы шама-шарқынша әрекет етіп жүр. Текайтарым, бірде-біреуі маған «2005 жылғы көзқарасынан айнып, биліктің әрекетін қоштап кетті» деп кінә арта алмайды. Өйткені 2005 жылғы көзқарасымнанайныған емеспін. Мың жерден біздідаттаса да, жалғыз оппозициялық партия – ЖСДП. Ал олардың ұжымдары қайда? Жақсыболса, неге сол ұжымдарын сақтап қала алмады? Мүмкін, біздің партияның жалғызоппозициялық партия болып тұрғаны төрағаның арқасы шығар?! Өткенге, кеткенге шоқытпай,саяси дауылдардан сақтап қалған төрағаның еңбегі шығар?!

     Менің айтпағым, жалғызоппозициялық партия ретінде өз бағдарламамыз, социал-демократиялық құндылықтарымызбар. Егер соған сай келетін азамат шықса және оны барлық демократиялық күштеркелісіп ұсынса, біз ол адамның үміткерлігін қарауға дайынбыз. Бұл туралы ұсынысымыздыайттық, жеткіздік. Енді өздері жиналып шешсін. Бірақ жеке басының амбициясын көрсетіп,мадақ үшін, ұпай жинау үшін сайлауға түсемін десе, ондай үміткерді қолдамаймыз.Сондықтан демократиялық күштер өкпе-назды қойып, «елде шынайы өзгеріс жасаймын, оғанпарасатым, әлеуетім жетеді, командам бар» деген азаматты шығарсын. Оны қолдауға дайынбыз. Бәлкім, партиясол үшін сақталып қалған шығар. Партия ғана емес, баяғыда тарап кететін «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысыәлі де бар. Оны да мен сақтапкеле жатырмын. 

Жақында ЖСДП-ның бұрынғы мүшесі Әміржан Қосанов сайлауға түсуге ниетті екенін айтып қалды. Оның да үміткерлігін қарастырасыздар ма?

–Ә.Қосанов кезінде партия мүшесі ғана емес, басқарушыларыныңбірі болды. Бірақ өз іс-әрекетіне байланысты партиядан шеттетіліп, партиядан шықпасада, қарым-қатынасты үзгеніне 7-8 жылдай болып қалды. Әрине, демократиялық күштер өзара келісіп, оны үміткерретінде ұсынып жатса, оны съезде қарауға дайынбыз. 

Ал ЖСДП-дан тұп-тура бір жыл бұрын шыққан саясаткер Зәуреш Батталовамен де түсініспеушіліктер болған сияқты...

– ЗәурешБатталовамен арамызда түсініспеушілік болған жоқ. Оны біз жаңа күш ретіндесъезде партия төралқасының төрайымы етіп сайладық. Бірақ төралқа ішінде ұйымдастырумәселесіне келгенде, жұмыс істеу стилі бойынша өзара келіспеушілік болып,кикілжің, реніш пайда болғандықтан, өз еркімен жұмыстан кетті. Әрине, оның төралқаментіл табыса алмағаны өкінішті. Бірақ Батталоваға саяси көзқарасы, адами қасиетіжағынан кінә артпаймын, көзқарасым түзу. 

Қоғамда үлкен сілкініс тудырған оқиғалар кезінде, мәселен, Қауіпсіздік кеңесі туралы заң қабылдағанда немесе көпбалалы аналар мәселесі көтерілгенде ЖСДП-ның үнін естімейміз. Партияның саяси белсенділігі неге төмен? Партиядағы жастар неге белсенді емес?

–  Әртүрлі заңдықшектеулер партияның жұмыс істеу аясын тарылтып жатыр. Соғанқарамастан, істеліп жатқан жұмыс аз емес. Әрине, бұрынғыдай жұрттыелең еткізетін митинг өткізіп, шерулер ұйымдастыра алмаймыз. Қоғамдық-саяси жұмыстарымызды бұқараға жеткізуге мүмкіндік те аз. Себебін жаңа айттым. Жастарға келсек, партияны жасарту бағытында біраз шаруа атқардық.Партия төралқасының басым бөлігі жастар. Партияның жастар қанаты бар.

Сонымен, президент сайлауына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Партия қандай да бір шешім қабылдауы керек. ЖСДП съезі өте ме?

– Қазірсъезге дайындық жүріп жатыр, Келесі аптаның ішінде өткіземіз. 

Ал егер демократиялық көзқарастағы азаматтар мәмілеге келмесе, ортақ үміткер шығармаса, ЖСДП қандай шешім қабылдайды? Партия ішінен үміткер шығара ма?

– Үміткерөз ішімізден шығуы  да мүмкін. Партияда лайық тұлғалар жеткілікті. Соныменқатар сайлауға қатысамыз ба, қатыспаймыз ба деген мәселені де талқылап шешуімізкерек. 

ЖСДП сайлауға түсеміз деген шешім қабылдаса, партия атынан сайлауға өзіңіз түсуіңіз мүмкін бе?

– Бұғанқатысты шешім қабылдадым. Оны съезде жария етемін. Оны съезд шешуі тиіс. 

Жоғарыда митингіге шығуға рұқсат жоқ дедіңіз. Дегенмен 2010-11 жылдары, әсіресе сайлаулар, Жаңаөзен оқиғасынан кейін рұқсат етілмеген митингіге жиі шықтыңыздар. Ол уақытта мүмкін болған дүние қазір неге мүмкін болмай қалды?

– Ол уақытта 15 тәулікке қамаса,қазір 3-4 жылға сотталасың. Біз қилы кезеңнің бәрінен өттік, еш қорыққанымыз жоқ,қазір де қорықпаймыз. Дегенмен біз халықты арандатудан қорқамыз. Арандатушылықболса, біз емес, қарапайым халық сотталады, солар жәбір көреді. Біреу анасынан,енді біреу әкесінен айырылып жатса, бұл бізге мәртебе ме? 

    Шынын айтқанда,митингіге шақырса, асып кетсе 500 адам жиналар. Ат төбеліндей топтың қолынан еш нәрсе келмейді. Франция мен Суданда, Алжирде митингілерқалай өтіп жатқанын көріп отырсыздар. Ондаған, жүздеген мың адам көшеге шығады.Бізде қазіргі жағдайда ондай ауқымдағы наразылықты өткізу мүмкін емес. Наразылыққашыққан кішкене топты жаншып тастау біздің билікке түкке тұрмайды. Бірақ ол үшінжауапкершілікті кім мойнына алады?

Олай болса, шетелде отырып алып халықты митингіге шығуға үндейтін Мұхтар Әблязовқа көзқарасыңыз қандай?

– Авторитарлық билік жүйесімен күресудің әртүрлі әдістерібар. Біз таңдаған әдісті жоғарыда түсіндірдім. Әблязов пен тыйым салынған «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысыныңәдісі басқа. Әблязовқа «сенікі дұрыс емес,олай жасама» деп айта алмаймын,оның әрекетіне баға да бере алмаймын. Әркім өзі құп көретін әдістерге жүгінеді.Әр саяси күштің алдына қойған өз мақсаты бар. Сондықтан әр саяси күш сол мақсатқажету жолын өзі таңдайды. Әблязовті де, айналасында жүрген адамдарды да жақсытанимын. Олар елде өзгеріс болса, демократиялық, әділетті қоғам орнаса деген ұстанымдағыазаматтар. 

ЖСДП – әділет министрлігі тіркеген соңғы партиялардың бірі. Бертінде ешбір саяси партия тіркеле алмады. Қазіргі кезеңде елде жаңа саяси күштің пайда болып, партия ретінде тіркелуі мүмкін бе?

– Әбден мүмкін. Билік «тағы бір қуыршақ партия керек» десе, оны ұйымдастыра салуы ықтимал.Ал тәуелсіз саяси партияның тіркелуі қазір мүмкін емес. Билік оған жол бермейді.Қысқасы, биліктің келісімінсіз партияның пайда болуы мүмкін емес.

     Бүгінде халықтың ішінде де,саяси күштердің ішінде де апатия қатты белең алып тұр. Отыз жыл ішінде «елдіңболашағы жарқын болады» деген үміт ұшқыны саябырсып қалды. Бірақхалық ішінде билікке наразылық бұрқ-сарқ қайнап жатқаны рас. Ол наразылық өршитүсіп, жинала беретін болса, бұл ешқандай мағынасыз көтеріліске әкеп соқтыра мадеген үрей бар.  Ол наразылық ұлтаралық қарым-қатынасқа ойыса ма, билікке қарсыбағыттала ма, әлде дәулеттілерге қарсы наразылыққа ұласа ма, әйтеуір, шығатын арнасын табады. Сондықтан бұрынбәрі халықтың өз қолында десек, бүгін авторитарлық билік шыңына шыққан кезде көп мәселенішешу биліктің өз қолында деп есептейміз. Демек, биліктің өзі ойлануы тиіс.Былайша айтқанда, «төменгілербұрынғыша өмір сүре алмайды, ал жоғарыдағылар бұрынғыша басқара алмайды» деген заманға тап болдық. Биліктің өзіде елдің болашағы тек халықтың емес, өзінің қолында екенін түсінуі керек.

– Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен Елнұр Бақытқызы 

Сұхбатты көшіріп басуға болмайды. Рұқсат етілмейді!

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега