«Жас Алаш» газеті қолдарыңызға тиеді
Құрметті оқырман және жанашыр қауым!Елімізде коронавирус дертінің күннен күнге өршіп бара жатқанын бәріңізбілесіздер.
Қазіргі күні Қазақстан бойынша сақтық шаралары күшейтілді. Оныңішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қатаң режимдегі карантин енгізілді. Қалаішінде қатынау қиындап, кешкі сағат 19:00-ден таңғы сағат 6:00-ге дейін көлікпен адамдардың жүруіне тыйым салынды. Байланыс пен пошта қызметі уақытшатоқтады. Мұндай жағдай қатерлі вирус тараған өзге аймақтарда да қалыптасып,қалаға, тіпті жекелеген аудан мен ауылдарға кіріп-шығудың өзі күрделі мәселеге айналды. Соның салдарынан «ЕгеменҚазақстан», «Жас Алаш», «Айқын», «Жас қазақ» секілді күнделікті, апталықбасылымдар «Дәуір» баспаханасының, поштақызметінің уақытша тоқтауына байланысты бір аптаға шықпайтын болды.
Біз «Жас Алаш» газеті де наруыздың 29-нан бастап сәуірдің 7-не дейіншықпайтынын хабарлаймыз. Бұған оқырмандарымыз түсіністікпен қарайды дегенсенімдеміз. Қолдарыңызға тимеген басылымдардың барлық саны алдағы уақытта рет-ретімен жарық көреді. Қазір журналистертобы осы мақсатта үй жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Қадірлі оқырман, өздеріңізден тағы бір мәрте кешірім сұрай отырып, жақсыкүндерде жолығатындығымызға сендіргіміз келеді.
Біз сіздермен біргеміз!
Біз оқырманға түсінікті болуы үшін «Дәуір» баспаханасынан газеттің басшылығына келген хатты да қоса салып отырмыз.