Жаслан Мәдиев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін ол еліміздің болашағын айқындауда әрбір азаматтың жауапты қатысуы маңызды екенін атап өтті.
«Еліміздің болашағын айқындауда әрбір азаматтың жауапты қатысуы маңызды», – деді Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Орталық сайлау комиссиясының бұған дейінгі мәліметінше, ел аумағында және шетелде барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылған. Құрылтайдағы депутаттық мандаттар үшін жеті саяси партия бәсекеге түсіп жатыр.