Оқиғалар

Жатырын жат елге жалға берген қаракөздер (видео)

Соңғы жылдары өзге ел түгілі өз елімізде құрсақ аналардың саны қарқынды дамыған.

Jasalash.kz

Кейбіреулері мұндай қадамға тұрмыстық қажеттіліктен барса, тіпті кейбіреулері кәсіпке айналдырған.

Мұны бекзаттық дейміз бе, әлде кәсіп көзі дейміз бе? Жалпы, суррогат ана, аты айтып тұрғандай, өзге ерлі-зайыптының гаметаларын енгізу арқылы құрсағында өзге шарананы көтеру деп аталады. Көбіне бұл қызметке сәби сүйе алмаған отбасылар жүгінеді. Одан бөлек тағы бір қызығы, өз дене бітімін құртқысы келмей, сәбиін өзге әйел туып беруін қалайтын қол-аяғы балғадай келіншектер құрсақ ана жалдайтын көрінеді. Сондай-ақ елімізде «құрсақ ана» қызметі дамығаны соншалық, шетелден тапсырыс берушілер де көбейген.

Қазақ қыздарының жатырын жат елге жалға беретін орталық ашылмаса да, жасырын жасалынып жатқан кәсіп, яғни жеке шетелге барып, келісіммен жұмыс жасап жүрген қыздардың кәсібінің түрі десе де болады. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега