Жау жағадан алғанда күресетін жауынгер таппай қалмайық
Ауруханаға түсіп жатқан пациенттерде есеп жоқ.Кішкене демалыста іштегі зарды шығарып алайын.
Өткенде «дәрігерлердің ақшасынкөтеру керек» дегенімде, осындағы шолақ белсенділер «моментті пайдаланып ақшасұрап жатыр» деп, жемқорға теңепті. «Қытай, Италия, Германияда дәрігерлер осындайқиын кезде ақша сұрап па?» деп шыққандар бар. Германия, Италия, Испаниядәрігерлері мұндай қиын кезде, әрине, ақша сұрамайды. Себебі олар осы кезгедейін сол қоғамның беделді мүшесі болды. Осы кезге дейін Германияда дәрігерлержақсы айлық алып келді. Қала әкімі 3800 евро алғанда, жай, ең қарапайым дәрігерлердіңайлығы 4500 евро (бруттомен) болды. Қазір оларға сын сағаты келгенде ешкімақшамен санаспай жұмыс істейді. Германия Еуропадағыауру жұқтырғандар саны көп болса да, өлімсаны аз мемлекет. Ал бізде дәрігерлер қоғамның қалдығы сияқты өмір сүріп келеді.2018 жылға дейін дәрігерлердің айлығы 45 мың теңге болды. Қазір 75 мың теңге болуы керек. Ешқандай санатқа кірмейді, жеңілдікпенбаспана да ала алмайды. Тіпті қазір өте қауіпті инфекциямен жалаң қолмен күресіп жүрседе, «ештеңесұрама, Гиппократқа ант бергенсің» дейтіндер жеткілікті.
Мен Германиядан келгелі дәрігерлердіңқұқығы, дәрежесі жайлы айтып келемін. КВИ басталмай тұрып та айтқанмын, қазір деайтудан шаршамаймын. Дәрігерден сапа талап ету үшін оның жағдайын жасау керек.Айлығын төле, сұраған құралын алып бер де, сапа талап ет. Екінші жолы талап тажоқ, сапа да жоқ. Бізде, өкінішке қарай, екіншісі орын алған. Халықаралық JCİ,ISO стандарттарына тек Астананың екі-үш клиникасы лайық. Басқалары халықаралықтүгіл, мемлекеттік стандартқа да жауап бере алмайды. Германияда мен болғанклиникаларда «жоқ» деген сөз қылмыспен тең. Немістер ондай нәрсені түсінбейді,қалай ауруханада «жоқ» деген сөз болады. Ал Қазақстанда бірінші өзің сұрапаласың, «Не бар? Бүгін немен емдейміз?» деп. Егер Еуропа мен Америкадағыдайэпидемия бізге келсе, шыбынша қырылып қаламыз. Себебі осы кезге дейін біз ғылыммен медицинаны дамыту орнына той тойлап, аурухана орнына тойхана салдық. Салыстыру үшін айталық, Қазақстанмедицинаға ішкі жалпы өнімнің 3,9 пайызынбөледі, ол – жан басына шаққанда шамамен 379 доллар. АҚШ ішкі жалпы өнімінің17,8 пайызын, яғни жан басына 7285 доллар, ал Германия 11 пайыз бөледі.Медицинаның дамуы бойынша әлемдегі 188 мемлекет ішінде 172-орындамыз.Жаңалықтардан көріп отырсыздар, Қытайдан гуманитарлық көмек алып, Түркия, Ресей,АҚШ-тан көмек сұрап отырмыз.
Қайта айналып өзімізге келейік. Президентэпидемия уақытында үстемеақы беретінін естіп, қуансаңыз, біліп жүріңіз. Ол көмек бүкіл медицина қызметкерлерінің 1пайызына ғана тиесілі. Чаттарда, топтарда наразы дәрігерлер өте көп. Астанада20 шақты емдеу мекемесі болса, тек екеуіне ғана үстемеақы тиесілі, жедел жәрдемде50 шақты бригада болса, коронавирус жұқтырғандарды тасымалдайтын 3-4 бригадағағана тиесілі. Тіпті КВИ-мен байланысып карантинде жатып шықса да, мемлекеттіңойынша, олар қатерсіз топта. Тек жұқтырса не қайтыс болса ғана ала алады. Карантинде жатқандардықадағалайтын учаскелік терапевтер, ОРВИ симптомдарына баратын 103 бригадалары,пневмонияны емдейтін пульмонолог дәрігерлергеешқандай үстемеақы жоқ. Бір-екі дәрігер «денсаулығымызды қатерге тіккенше,ақысы төленбейтін демалыс алып, 42 500 теңгені қанағат тұтып үйде отырайық»деген ұсыныс айтып жатыр.
Эпидемия уақытында кез келген дәрігерқауіп аймағында. Ол хирург болсын, пульмонолог болсын, терапевт болсын науқасқабылдаса, жұқтырып алу қаупі бар. Ең жылдам экспресс тест екі-үш күнде дайынболады. Сол уақытта өз отбасымен қатар, қаншама адамға жұқтыруы мүмкін. Әзіргеешкім жұмыстан кетіп жатқан жоқ, тек жас балалары барлар ғана демалыста отыр. Бірақертең жау жағадан алғанда күресетін жауынгер таппай қалмайық.
Ғабит НҰРХАНҰЛЫ, дәрігер