Саясат

Жау жоқ деме, Солтүстік «әй, қап!» дегізбесін...

Исі қазақ «жау жоқ деме, жар астында» дейді. «Сақтансаң, құдай да сақтайды» дейтін де сол қазақ.

Jasalash.kz

Сонда айдың күні аманда,  жұрт тыныш, шекара  бүтін  болса,   «қазаққа  жау  қайдан  келеді?» Сырттан  ба,  әлде іштен  бе? Биліктің айтуынша,  айналадағы көршілермен «ноль»  проблема. Демек, сырттан  мылтығын кезеп келетін «агрессор»  жоқ. Үрейге  берілу артық  сияқты. Олай  болса, іште бір «но»  болуы мүмкін бе?   Мүмкін сияқты. Әрине, «жау»  деп айшықтап, айғақтамай-ақ  қоялық. Қойын  құрттап, қойыртпаған  ұрттап, мамыражай  отырған елдің  ішінен «жау» іздеп,  екі ортаға от жағудан аулақпыз. Дегенмен бүгінгі еліміздің  картасына, ондағы  ұлттардың  орналасуына назар аударсақ, ұлттық  қауіпсіздікке қатер  төндіретін түйткіл  жоқ емес екенін  байқаймыз.

     Шығыс және  солтүстік  облыстардағы ұлттардың  орналасуы, яғни  арасалмағын бағамдайтын кез келді. Бұл  өңірлерде әлі күнге  ұйысып  славян жұрты  отыр (картаға  қараңыз). Ал бұл жердің әлімсақтан бері негізгі  иесі  қазақтар десек  те,   олардың пайыздық  үлесі небәрі 35-40  пайыздан аспайды. Славян ұлты  басым отырған  бұл  облыстар Ресеймен  шекаралас екенін түйсінетін  болсақ, бір қауіптің  «бұғып»  жатқанын аңғаруға  болатындай. Онсыз да  ара-тұра  солтүстіктегі  көрші жұрттың билікке  жақын  жүрген баз бір саясаткерлері тарапынан  «Қазақстанның   солтүстіктегі   бес  облысыРесейге  тиесілі,  орыс жері» деген ұран-атойға  толы  әңгіме  жиі айтылады. Әгәрәки,  осы аймақтарда арандатулар  орын алса, Кремль,  сөз  жоқ, «орыс  ұлтының  құқығын қорғаймыз» деген  желеумен (Ресейдің  Украинаға  тиесілі  Қырымды аннекциялауы,Донбасстан  жеке  мемлекет орнатуға  тырысуын  еске алсақ та жетеді)  ішкі  шаруамызға араласа кетері  хақ.  Қазірдің өзінде әлеуметтік  желілерде тарап  жатқан  кейбір видеоларға  назар аударсақ, қазақтың қара  домбырасын  сындырып  жатқандарды, «егер де Ресей Қазақстанның солтүстік  облыстарын  қайтарамыз   деп әскер енгізіп  жатса,  қосылып Қазақстанға  қарсышығамын»  дейтін өзге  ұлт адамдарының  ниеті  бұзық, пиғылы жаман мәлімдемелерін де  көріп  қаламыз. Демек, бұл өңірлердесепаратизм жасырын  түрде балалап  жатыр деуге  болатындай. «Ит үреді, керуен  көшеді»  десек те, мұның  арты  үлкен  келеңсіз жағдайларға соқтыруы бек мүмкін. Сондықтан сепаратизмге  байланысты  заңды бетке  ұстап, ондайларды дер  кезінде  құрықтап отыру  ләзім.

   Мұндай жағдайларды  болдырмау үшін  біз осының  бәрін таразыдан өткізуіміз  қажет. Ең  бастысы – осыаймақтарға халқы  өте  тығыз  орналасқан  оңтүстік өңірдегіқандастарымызды  көшіру. Әрине, бұл  мәселе орындалып  жатыр. Арнайы  бағдарламалар  бар. Бірақ осы  мәселе көтеріліп,  ішкі  көші-қон  жүзеге аса бастағанымен,  небәрі 4000-ға  тақау  отбасы  ғанатерістікке ат басын тірепті. Орта есеппен 13-14  мың  адам. Бұл теңізге тамған тамшыдай  ғана  дүние. Ресейде   табиғаты қатал  солтүстік  аймақтарға жұмыс істеуге   иә  болмаса қоныс аударғандарға  айлық  2-3 есе көбірек  төленеді. Түрлі  жеңілдік бар. Қолайлы  жағдай жасалған. Бізде  де  терістікке барамын  дегендерге азды-көпті  көмек көрсетіледі, бірақ  мардымсыз. Сондай-ақ  осы  мәселементүпкілікті  айналысатын  арнайы агенттік  құрылуы  тиіс. Сонда  ғана тірлік жанданып салабермек.  Қалай айтсақ та, шығыс пен  солтүстікте қазақтың қарасын  көбейте отырып,  түбі  бір  дүмпуге  әкелетін қауіптің алдын алу –  бүгінгі  күннің басты  мәселесі.

    Қордайдағы  дүнгендердің дүрбелеңі  қазақ  билігіне сабақ  болуы тиіс. Азғантай  дүнгенге басуайттық,  басып  тастадық. Ал солтүстік  өңірде ұйысып  отырған орыстардың  арасында арандату  болса ше? Оларды басып тастамақ  тұрмақ,барымыздан айырылып  қалмаймыз  ба? Бұл – басты  мәселе. Ойлануға  тұратын, безбенге  салып, таразыға  тартатын дүние. Кейін «әй, қап!» деп күңіреніп отырмайық.  

Күлтегін БЕК

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега