Саясат

«Жазықсыз жұрттың наласы текке кетпейді...»

Сайлауға наразылығын білдіруге бекінген алматылық қауымныңшеруі 9 маусымда ескі алаңдағы саябақ маңынан басталды.

Jasalash.kz

Жиналғандардың біразыныңқолында – көк ту,  енді біразы көк шар ұстаған.Дені – жастар мен орта жастағылар.

Шерушілер легі «Бойкот!», «Бойкот!» деп ұрандай бастағанысол еді, назарға ерекше іліккен белсенділерге әскерилер лап берді. Сол-ақ екен,бірі сүрініп, бірі құлап, ұмар-жұмар болған халықты полиция шетінен сүйрелеп,арнайы көліктерге апарып тоғыта бастады. Автобустардан алысырақ кетуді ұйғарғанжұрт іле-шала «Бостандық!» деп ұрандап, Әлия мен Мәншүк ескерткішіне қарай ығысты.Халық қарасының көптігіне орай, күштік құрылымдары да үсті-үстіне толығып жаттыжәне олардың арасында қалқан ұстап, темір сауытпен құрсанғандар мен арнайыформадағылардан бөлек, қарапайым киімдегілер де қаптап жүрді. Зәбір көрген әйелдердіңшыңғырған даусы да, жантүршігерлік көріністен шошынған балалардың шырқырап жылағаныда тоқтата алған жоқ. Артық ауыз сөзге келтірмей, ұстағанын ұстап, қуғанын қуып,шерушілерді бас-аяғы бірер сағатта таратып тынды. Бәрібір наразылық сейіле қойғанжоқ. Ашынған жұрт сол маңайды жағалап, бұрыш-бұрышта, қуыс-қуыста жүріп алды.Ескі алаңнан бастап, опера мен балет театрына дейінгі аумақты екі жағындағы көшеменқоса құрсаулаған әскерилер енді екі-үштен басы қосылғандарға таянып барып, олмаңайда неғып жүргендерін сұрап, тергеп, тексеруге көшті. Онымен қоймай,шетінен желкелеп әкетумен болды.

Аталған аумақты қанша жерден «тазалауға» тырысқандарымен,ол оңайға түскен жоқ. Түс ауа бере қайтадан топтасқан наразылар легі, негізінен,Панфилов көшесіндегі аллеяның Төле бимен қиылысынан басталып, Қабанбай батырғатірелер тұсына дейін созылды. Аллеяның орта шенінде гитарашының сүйемелдеуімен әнсалып тұрған азғантай топқа тұс-тұстан адамдар қосыла келе, лезде үлкен жиын құралды.Орысша, қазақша, ағылшынша әндерді қосыла шырқаған қауым енді бір мезетте барлығықол ұстаса шеңбер құрап, «Менің Қазақстанымды» айтқанда бүкіл маңайды жаңғырықтырыпжіберді. Манадан бері тұс-тұстан сырттай бақылап тұрған әскерилерден бөлек, осымезетте бетін қара маскамен тұмшалаған бір топ қара киімділер оқтай атылып ортағашықты да, бірнешеуі гитарашы жігітті көтеріп ала жөнелді. Енді біразы сол маңайдағыжас жігіттерге жабылып, әй-шәйға қаратпай, қолдарын қайырып іліп әкетті. «Бұларне істеп қойды?», «Не жазығы бар?!», «Жіберіңдер!» деп, ара түспек болған әйелдермен егде жастағы адамдарды да тыңдаған жоқ. Керісінше, жолдарына тұрғандардыңбарлығын әйел демей, қарт демей, желкелеп апарып көліктерге тоғытуға көшті.Ара-арасында «Бойкот!», «Бостандық», «Алға, Қазақстан!» деп айқайлағаныболмаса, билікке не басқаға қатысты бір ауыз сөз айтпаған болмаса артық қимыл көрсетіп,әлдебір басбұзарлыққа бармаған жұрт «Бұл не сұмдық?! Енді жиналып ән айтуға даболмай ма?!» деп ашына айқайласты.

Алдын ала құлақтанғанындай, ертеңіне, яғни 10 маусымда дабіраз жұрт ескі алаңды бетке алды. Жағдайды барлап көрмек болып, шолып шыққандабайқағанымыз, аталған аумақта күш құрылымдары кешегіден де көп шоғырландырылыпты.Ескі алаңның шығыс жағындағы Назарбаев, Панфилов, батыс бетіндегі Абылай хан,Желтоқсан, төменгі жағындағы Қазыбек би, Төле би, үстіңгі бетіндегі Бөгенбайбатыр, Қабанбай батыр көшелері шаршысын күш құрылымдарының көліктеріне толтырыптастаған, интернет істемейді, аталған аумақта әр метр сайын арнайы жасақ әскерлерітізіліп тұр. Одан бөлек, төңіректегі кафе, бар, асхана, сауда орындары мен мекемеатаулының әрқайсысының жанында да ОМОН, СОБР, Ұлттық Ұлан, полиция қызметкерлерітоптасқан, саябақтың ішінде тіпті өріп жүр. Көшеде сәл кідіріп тұрып қалғаннемесе аялдамада ұзағырақ отырған адамды байқаса бітті – бес-алтауы жүгіріпбарып ұстайды. Тірліктеріне қарап тұрып шошисың: елде әлдебір төтенше жағдайтуындаған тәрізді немесе олардың қарсы шауып, жабыла қуып жүріп қолын қайырып,мойнын бұрып, ұстап жатқандары – осы елдің бейбіт азаматтары емес, керісінше,сырттан жаппай жаулаушылар, қарақшы, баскесерлер сияқты… «Шаш ал десе, басалады» дегеннің өзі мұның жанында ойыншық болып қалды. Адамға деген аяушылықтанжұрдай, қарапайым мәдениеттен ада, бұл неткен әскер?! Бұлар кімді кімнен қорғапжүр сонда?!

Бір мезетте ескі алаң жақтан әлдебір қыз баланың шырқырағандаусы шықты да, артынша 4-5 әскеридің оны төрт жағынан көтеріп, көлікке салыпжатқаны байқалды. Соны көріп, аялдамадағы әйелдердің бірі: «Ел аман, жұрттынышта… бұл не масқара?! Осылай, ойларына келгенін істей бере ме бұлар?! Бұлне айуандық?!» – деп қыстыға жылап жіберді. «Жазықсыз жұрттың наласы теккекетпейді», «Бұл жүйе ұзаққа бармайды», «Көзіне бірдеңе көрінерде билік осылай құтырады»деп жұбатты оны жанындағылар...

Р.S.Бір анығы, соңғы бірнеше айда елімізде бас көтерулер ерекшежиіледі. Оның ішінде көпбалалы аналар наразылығы да, 22 наурыздағы, сондай-ақ 1және 9 мамырдағы шерулер де бар. Мұның сыртында, жекелеген белсенділер менжастардың қарсылығы да білінбей қалып жатқан жоқ. Бәрінен байқалатыны – жұрт дәлмұндай қоғамда, дәл бұлай өмір сүргісі келмейді: әділетті қоғамды, әлеуметтіктеңдікті, жайлы да жақсы тұрмысты көксейді; балалары мен немерелерінің дәл өздерісияқты мардымсыз жалақыны місе тұтып, пәтерде күнелткенін, несиеден несиеге ұрынғанынқаламайды. Дәл қазір қоғамда «жоғарыдағылар бұрынғыша басқара алмайтын, төмендегілербұрынғыша тұруды қаламайтын» жағдай туындады. Соған орай, халық өзінің еркінбілдіруге көшті. Шеруге шыққан әлдебір кейуана айтпақшы, «бұл арада Әблязовтіңде, басқаның да қатысы жоқ».

Ел титықтап бітті. Денсаулық атымен жоқ, жас та, жасамыста шетінен әлжуаз. «Тепсе темір үзетін», «екі иығына екі кісі мінгендей» дегентеңеуді қазір екінің біріне айта алмайсыз. Митингілердің бейнекөріністерін қараңызшы,қасындағы әйел заты мен кәрі-құртаң кісілерді зорлық-зомбылықтан арашаламақ түгіл,өз басын қорғай алып жатқан азаматты көрмейсіз. Қай-қайсысын болсын әскерилербірін лақша өңгеріп, бірін қаңбақ құрлы көрмей, дырылдатып сүйреп бара жатады.«Көп» деген аты ғана болмаса, жұрттың соншалықты қауқарсыз, дәрменсіз екендігісодан-ақ көрінеді. Ал мұндай күйге қалай түсті? Осындай жағдайға дейін жеткеніненің салдары?! Ол, әрине, түсінікті.

Көңілге бір медеу болатыны – ел оянды, бұлай жалғасаберуі мүмкін еместігін түсінді, соған байланысты саяси белсенділігі де арта түсті.Осының өзі де әзірге үлкен жетістік.

Фото: news.yandex.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега