Жедел жәрдемге тағы да шабуыл жасалды
Астанада жедел жәрдем қызметкері пышақтан жарақат алды. 15 қаңтарда орын алған оқиғаны қалалық денсаулық сақтау басқармасы бүгін растады.
Tengrinews.kz порталының жазуынша пышақ фельдшердің басына сұғылған. Оқиға жедел жәрдем бригадасы қоңырау түскен үйге барғанда болған. Ер адам мас күйінде әйелін ұрып тастаған көрінеді. Бригада сол үшін шақыртылған.Аға фельдшер Ұлжан Зереханова өздерінің әйелді алып кетпек болғандарын, бірақ, ер адам онымен бірге кішкентай баланы да әкетпедіңдер деп шу шығарып, дәрігерлерге жұдырық ала жүгіреді.«Біз үйден шыққалы жатқанда ол асүй пышағын алып, әріптесімнің басының тұсына сұғып алды», – дейді фельдшер.Қазір бұл оқиғамен полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Жарақат алған фельдшер ауруханада, басқарма оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.Фото: og.ru